АТАУЫ ЕКІ БАСҚА, БІР ДҮНИЕ...
Дін, ең алдымен - тәртіп, дисциплина. Ал діндердің төресі - Ислам діні - тәртіптердің төресі. Өмір - жақсылық пен жамандықтың тең үлесінен тұрады. Біреуі артып, біреуі кемісе, дисбаланс орнайды. Бұл табиғи заңдылық. Ғылым тілінде - "инь-янь" деп аталады. Ал Ислам заңымен адам қашанда игі іс жасауға ұмтылуы тиіс. Діннің ұтқыр тұсы да осында. Діни заң-ережелерді қатаң ұстанған адам, белгілі бір нормалармен бекітілген ережелердің шегінен шықпауға тиіс. Дін мақсаты - игілікке ұмтылдыру болса, жамандық жасаудан бір елі алшақ тұруды үйретеді. Әсіресе, жамандығы артқан кезеңде адам баласы көңіліне - демеу, жанына - медеуді діннен іздейді. Яғни, басына қара бұлт үйірілгенде ғана адамның Тәңірді есіне алуы - "инь-янь" табиғи заңдылығын қуаттай түседі. Демек, діни заңдылық та, табиғи заңдылық та -…