ОТАНҒА ОРАЛҒАН АҒАЙЫНДАРДЫҢ АРАСЫНАН ДЕПУТАТ НЕ ҮШІН КЕРЕК?
2016 жылы 20 қаңтарда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Бесінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға белгіленді. Мәжіліс таратылатыны туралы дақпырт басталғаннан бері әр түрлі саяси партиялар мен әлеуметтік топтар, зиялы қауым өкілдері түрлі деңгейде мәлімдемелер жасап, Мәжілістің кезектен тыс сайлауы мен оған кімдердің қатысқысы келетіні туралы көзқарастарын білдіріп жатыр. оның бірі – Атажұртқа оралған ағайындарды депутаттар арасынан көргісі келетіндердің бар екені әрі көп екендігі. Бұл туралы экс-сентор Әділ Ахметов ағамыздан бастап, ғылымдар мен жазушылар, кәсіпкерлер мен журналистер бастама көтеруде. Жалпы, бұл тақырыптағы әңгімені, бірінші, Атажұртқа оралған ағай…