ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ҚОРҚЫТ АТА
Қорқыт Ата (VІІІ ғ.) – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата – қазақ ойшылы, исі түркіге ортақ дана. Қорқыттың басынан өткен қызықты оқиғалар ХV ғасырда «Қорқыт ата кітабы» деген атпен жазылып, хатқа түскен. Кітаптың екі нұсқасы Дрезден мен Ватикан қалаларының кітапханасында сақталған. Сонымен қатар, 1950 жылы Бакуде, 1982 жылы Мәскеу қалаларында басылып шыққан. Орыс, неміс, итальян сияқты т.б. тілдеріндегі аудармалары бар. Қорқыт Атаның ел аузында қалған көптеген нақыл сөздері әлі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтпайтыны анық. «Құмды қанша үйгенмен төбе болмас, Қара есектің басына жүген таққанымен тұлпар болмас», «Күңге сарыпай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас», «Тозған мақта боз болмас, ежелгі жау ел болмас», «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада», «Сырын б…