Перейти к содержимому
Murat_Nasimov

МҰРАТ НАСИМОВ

@Murat_Nasimov

На сайте с 20 июля 2011 г.Казахстан, Кызылорда

ПРОСТОЙ ЧЕЛОВЕК

рейтинг

100

постов

119

комменты

44

подписчиков

14

подписок

9

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: МАХМҰД ҚАШҚАРИ

Махмұд Қашқари (1029 - 1101 ж.) – түркі ғалымы М. Қашқаридың ХІ ғасырда жазған «Түркі тілдерінің сөздігі» еңбегі Орталық Азия өркениетінің тарихы бойынша маңызды дерек көздерінің бірі болып табылады. Бұл еңбек түркі тайпаларының мұсылман әлеміндегі ірі әскери-саяси жетістіктері дәуірінде жазылды. Сондықтан түрік тайпаларының тілі мен мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін көрсетіп қана қоймай, оны насихаттау ретінде бұл еңбек өз жемісін берді. Еңбек мазмұнына, әсіресе, оның алғы сөзінде Аббасид халифы әл-Мұқтадиға жазылған арнауына қарағанда, ол сол кезеңде рухани беделі мол басшы болғандығын көрсетеді. М. Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі» еңбегін жазу барысында сол дәуірдегі түркілердің қоғамдық өмірі мен рухани дүниесін, ойтанымын сан алуан өзіндік сипатын әр жақты қамтып және негіз…

1
2
12507

ҒЫЛЫМИ САРАПТАМА: МЕМЛЕКЕТТІК ИМИДЖДІ ЗЕРТТЕУДЕГІ ӨҢІР ИМИДЖІ МӘСЕЛЕСІ

мемлекеттік имиджді зерттеудЕГІ өңір имиджі МӘСЕЛЕСІ Мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қарастыруда имидж және бренд ұғымдарының мәні ерекше. Бренд бүгінгі күнде біздің санамыздағы таңба ғана емес, сол таңбаның астарында тұрғанның барлығы жатыр. Бренд бұл сауда белгісі, тұтынушыға берілетін уәде және сол уәдені орындаумен қатар, бұл адам санасында өзіндік пікір қалыптастыру идеясы. Тәжірибеде бренд және сауда белгісі секілді екі ұқсас ұғымды шатастырушылар кездеседі. Біздің ойымызша сауда белгісі – бұл заңды, ресми түрде тіркелген компания туралы ұғым болып табылса, бренд адам санасында жатталатын және сақталатын бейне. Сондықтан бренд ұғымының мағынасы өте кең. Өйткені бұл түсініктің мәнінде тауар және оның сипаттамасымен қатар, бренд жасаушының қоғам алдындағы мәні мен оны қабы…

1
0
1460

ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ

Сәлем достар!!! Бұл сайтта жүргеніме аз уақыт болса да, басты мақсатыма жетіп жатқан сияқтымын. Саяси ғылымдардың мені қызықтыратын тақырыптарым, жазбаларыма сілтеме беру арқылы оқырмандарым көбее бастады. Сонымен қатар, пікір білдірушілер саны артуда. Әрине, маған Сіздердің пікірлеріңіз ауадай қажет. Мынау менің сонау 2004 жылдан бері жариялап үлгерген ғылыми мақаларымның тізімі. Қызықтыратын тақырыптар болса, оқып көріңіздер Саяси ғылымдарының кандидаты Насимов Мұрат Өрленбайұлының ғылыми және әдістемелік еңбектерінің Т І З І М І 2004жыл 1.Саяси үгіт-насихат мемлекеттік идеологияны іске асыру құралы ретінде // Қазақстан Республикасының ішкі жәе сыртқы саясатының өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.-Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2004. – 213-218…

0
2
11923

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН

Жүсіп Баласағұн (1020-?) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері Ж. Баласағұнның моральдық-этикалық мәселелерді көтеретін «Құтты білік» дастаны мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды болып табылады. Дастанның басты идеялары төрт принципке негізделіп жазылған: 1) мемлекетті дұрыс басқару үшін әділ заңның болуы; 2) бақ-дәулеттің басқа қонуы; 3) ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі; 4) қанағатшылдық мәселесі. Осы принциптерді ұстанған еңбектің негізі әділдік (Күнтолды), бақыт (Айтолды), ақыл (Ойтолды), молшылық (Жетелеуші) сияқты кейіпкерлердің сұхбаты іспеттес жүргізіледі. Адамгершілік, имандылықты насихаттайтын саяси-философиялық трактат идеясыә…

1
0
12383

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ӘЛ-ФАРАБИ

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) – философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист; логика және музыка зерттеушісі; әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби «Қайырымды қала» атты еңбегінде «адамдар шынайы бақытқа тек қайырымды қалада ғана қолы жетеді» деп тұжырымдай келіп, Қайырымды қаланың келбетін аша түсу мақсатында адамдар қоғамдастығы шоғырланған қалаларды классификациялап бөледі. Қайырымды қалада алдарына іс-әрекеттің өзара жәрдем көрсете білу мақсатын қойған қоғамдастығы бар қала халқы ғана бақытқа жете алады. Әл-Фараби шынайы бақыт жолында ынтымақтастық жолы ерекше дейді (Қараңыз: Мекежанов Б.У. Әл-Фарабидің адамдар қоғамдастығы жайындағы классификациясы // «Әл-Фарабидің шығыс халықтарының мәдениеті мен ғылыми тарихындағы орны» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференц…

1
1
4092

МЕНІҢ ИНТЕРНЕТ САЙТТАҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫМ

ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН:

ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ НЕГІЗІ: http://www.egemen.kz/657.html ;

Тұрақтылық пен патриотизмнің іргетасы: http://www.egemen.kz/13795.html ;

Астана саммиті — сарабдал саясаттың салтанаты: http://www.egemen.kz/15603.html ;

Еуразия келешегінің жаңа іргетасы: http://www.egemen.kz/24217.html

 

Танысып шығыңыздар. Алдын ала рахмет!!!

0
0
258

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ

Қожа Ахмет Йассауи (? - 1166 ж.) – қазақ халқының ұлы ақыны, философ Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның көрнекті өкілі,заманының танымал ақыны, «Түркістан пірі» атанған Қ.А. Ясауи өзінің «Даналық кітабы» жырларында әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, тазалық секілді игі істерге үгіттейді. Аталмыш еңбегі арқылы негізгі төрт мәселеге мән береді: шариғат (ислам дінінің заңдары мен әдет-ғұрыптардың жинағы); тарихат (сопылықтың идеясы, мұрат-мақсаты, сопылыққа жеткізетін жол); хақиқат (Құдаймен бірігу, оған жақындау); мағрифат (дін жолын танып, оқып білу). Оның ойынша, шариғатсыз тарихат, тарихатсыз мағрифат, мағрифатсыз хақиқат болуы мүмкін емес. Бұлардың бәрі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады (Жүншеев Р.Е., Төкенов Ө.С., Ізтілеуов А.Ә. Философия…

1
0
4237

МЕНІҢ ИНТЕРНЕТ САЙТТАҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫМ

Құрметті сайт оқырмандары!!! Менің бұл сайтта жүргеніме небәрі екі күн болды. Сондықтан болар, әлі де ауырлау болып жатыр. Бірақ, осы уақытқа дейін көптеген блогтармен танысып шықтым. Ойларды көрдім. Мен де өзімнің жеке күнделігімді ашып, жетістіктерім мен қуаныштарымды бөліскім келді. Бұл уақытқа дейін не жасадым, не жасап жатырмын, не жасағым келеді деген ойлар мазалады. Міне, оған жауап осы менің блогым. Алдағы уақытта оқырмандарым көбейетініне сенімдімін. Менің ендігі ойым осы уақытқа дейін жарияланып қойған мақалаларыммен бөлісіп отыру. Әрине мұның барлығын блогқа сыйдыру мүмкін емес. Соған байланысты тек сілтеме беріп отырамын. Қызықсаңыз әзірге мына сілтемелерге мән беріңіз, пікірлеріңізді қосыңыз: "ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН": Төрағалық белестері: www.egemen.kz/19215.html ; Жаһандық ақпарат…

1
8
433

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: АСАН ҚАЙҒЫ СӘБИТҰЛЫ

Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (ХІV ғасырдың ақыры – ХV ғасырдың басы) - мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ Сурет qamal.kz сайтынан ХV ғасырда өмір сүрген атақты қазақ ақыны Асан қайғы қазақ халқының тағдыра шешілер тұста өмір сүрді. Ол шығармаларында тарих пен қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін түсініп және мұны әр адамға ой салар мәселе ретінде қояды: ... Ауылдағы жамандар, Ел қадірін не білсін? Көшіп-қонып көрмеген, Жер қадірін не білсін (Толысбай К. Асан қайғы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 11 б.!) Жалпы ақын өз шығармалары арқылы адамгершілік ілімдерді негізге ала отырып, әлеуметтік-әділеттілік түсініктерін, «әділетті хан» идеясын, адам туралы көзқарастарын, этикалық және эстетикалық салауаттардың ара-қатынасын айқындайды. Оның пікірінше, әділдіктің белгісі – бірқалыптылы…

1
0
4012

ҒЫЛЫМИ САРАПТАМА: САЯСИ КОНСАЛТИНГ ЖӘНЕ МАСС-МЕДИА

САЯСИ КОНСАЛТИНГ ЖӘНЕ МАСС-МЕДИА: МЕДИАМӘДЕНИЕТКЕ ТЕЛЕДИДАРДЫҢ ЫҚПАЛ ЕТУІ Бүгінде саяси және мәдени ортада media, жаңа media, media шеберлік, media мәдениет ұғымдарына ерекше мән беріліп жүр. Қазақстан Республикасындағы медиамәдениет тақырыбының өзектілігі келесі себептерге байланысты деп ойлаймыз: біріншіден, алдыңғы қатарлы технологиялардың мәдениет феноменіне қызығушылығы және оған мәдениеттанушылардың беріп жатқан бағасы; екіншіден, ақпараттық-коммуникативтік қатынастар моделінің ықпалымен отандық ғылыми қауымдастықтағы дәстүрлі мәдени менталитеттің өзгерісі. Сондықтан бүгінгі күндегі саяси кеңес беру мен масс-медиа арасындағы байланыстар түрғындардың медиамәдениетіне ықпал етеді. «Масс-медиа (ағыл. massmedia; лат. mass - бұқаралық + media (medium) - құрал, бітістірушілік) – бұқаралық…

1
0
3982