ҚЫЛМЫСКЕР ҚИСЫҚ СИЕДІ
Алаяқ Әбілазовтың қылмыстық жүйесі рухани азғындардың жұмыртқа қалтасы (анайырақ естілсе кешірім өтінем, құрметті оқырман, жалпақ тілмен айтқанда енегі) іспетті. Оның қисық та қыңыр жобалары генетикалық тұрғыдан қабілетсіздігін танытуда. Неге? Себебі, қарапайым: халықаралық қылмыстық жүйенің әкесі атанудан дәмелі еркегің шын мәнінде өзінің «белсіздігін» көрсетіп отыр. Оның қисық шаптырған зәрі іс жүзінде жетер жеріне жете алмайды. Сондықтан, айналасына қоғамның қағылған-соғылған қалдықтарын, шетке шығып қалған жексұрындарын жинап алып, соларды «асыранды бала» қылып отыр. Бірақ, соның өзінде «өгей әкенің» рөлін атқара алмай пұшайман болуда. Өгей әке мен асыранды бала Қылмыстық әлемнің әкесі атанғысы келген Әбілазов өзі ондай ұрпақты дүниеге әкеле алмаған соң, көр-жерден жинап, ақшаға қызық…