2024 жылы Атырау облысына тікелей шетелдік инвестиция $1,1 млрд жетті
2024 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Атырау облысының ЖӨӨ көлемі 6,7 трлн теңгені, жан басына шаққанда 9,4 млн теңгені құрады. Ал республиканың жалпы ішкі өніміндегі облыс экономикасының үлесі 12,7 пайызды құрайды. Облыс ел бюджетіне ең ірі донорлардың бірі және республикаға инвестиция тарту бойынша көшбасшы – 13%. Оның ішінде тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) 1,1 млрд АҚШ долларын құрайды, 2024 жылдың 10 айында салық және басқа да түсімдер 3,6 трлн. Оның 1,9 трлн теңгесі мемлекеттік бюджетке, 1,7 трлн теңгесі Ұлттық қорға аударылған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов айтты. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында облыстың негізгі капиталына салынған инвес…