Мұсабеков Бақытқали Мұхамедқалиұлы Семей облысы, Абай ауданы, Қайнар ауылында 1952 жылғы 1 сәуірде дүниеге келген. Өскен жері, оқып білім, тәрбие алған ортасы Қарқаралы қаласы. Онжылдықты Қарқаралы қаласындағы №1 қазақ орта мектебінде алған.Жоғары білімді, Қарағанды политехникалық институтын (1969-1974 жылдары) оқып алған, мамандығы "инженер-механик", кейіндері "Лингва" тіл және аударма институты (2006) мамандығы аударма ісі, "Фемида" Заң Академиясы (2007) мамандығы заңтану бакалавры болды. Еңбек жолын 1974-1977 жылдары - Көкшетау облысындағы Степняк қалалық тұрмыстық комбинатының бас инженері болып бастады. 1977-1978 жылдары "" Казсельхозтехника" Қарқаралы аудандық бірлестігінің автоколонна мастері, аудандық бірлестік бастығының орынбасары. 1978-1993 жылдары - кәсіптік-техникалық училище…