ОҚУШЫЛАР – БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ НЕГІЗГІ ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ. ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚазҰУ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫМЕН СҰХБАТ
Көптің көңілін күпті еткен тест тапсыру мерзімі аяқталды. Енді оның орнын жоғары оқу орнына түсу кезеңі алмастырды. 2017 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау механизмін жетілдіру мен мемлекеттік тапсырыс көлемін арттыру барысында айтарлықтай өзгерістер енгізілгені белгілі.
Ең бастысы, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. 2017 жылы мектеп бітірген түлектер үшін бұл шара екіге бөлінген. Алдымен, қорытынды аттестация (мектеп бітіру емтиханы) және ҰБТ (жоғары оқу орнына түсу үшін тапсырылатын естихан).
Осыған байланысты, біз оқуға түсудің жаңа механизмдері жайлы сауалдарымызды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқу ісі бойынша проректоры, қабылдау комиссиясының төрағасы Асқар Хикметовке қойған едік. Елдегі ірі жоғары оқу орындарының бірін мысалға ала отырып, республикадағы барлық қабылдау комиссияларының жұмысынан хабар бермекпіз.
Қабылдау комиссиясының құрамы жайында айтыңызшы. Біздің министрліктің өкілдерін қосқанда қанша адам бар?
А.К.Х: Университеттің қабылдау комиссиясы жыл сайын жаңадан жасақталады. Төрағасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры болады. Комиссия құрамына проректорлар, департамент директорлары, факультет декандары, «Парасат» кәсіподақ комитеті мен студенттердің «Сұңқар» кәсіподақ комитетінің өкілдері бар.
Қабылдау комиссиясының жұмысына студенттердің қатысуы біз үшін өте маңызды. Қазақ Ұлттық университетінің білім беру саясаты студенторталықталықтандырылған жүйе бойынша қалыптасқан. Оқушылар – білім беру процесінің оқуға қабылдау мен жұмысқа орналасуға дейінгі барлық кезеңдеріндегі негізгі әріптестеріміз.
Мектеп бітірушілерді Ұлттық бірыңғай тестілеу мен талапкерлерді кешенді тестілеу барысындағы барлық тәртіп, талаптардың орындалуын бақылау үшін жоғары оқу орнына ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері тартылады. Олар оқуға түсу емтихандары кезінде мониторинг жүргізеді. Қабылдау комиссиясы құрамында кем дегенде 25-30 адам болады.
Талапкерлерді құлақтандыру және түсіндіру жұмыстары Қазақ Ұлттық университетінде қалай жүргізіледі? Көмекке жүгінушілер көп пе?
А.К.Х: Дер кезіндегі және сапалы ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарының маңызын жақсы түсінеміз. Оның тиімділігін арттыру мақсатында университетте «Абитуриент» деп аталатын кәсіби бағдар беру орталығы құрылған. 2016-2017 жылдары Қазақстанның 4 257 мектебінде кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
«Абитуриент» орталығы талапкерлермен тиімді жұмыс тәсілін анықтау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түсу тақырыбы бойында бірінші курс студенттері арасында ұдайы сауалнама жүргізіп отырады.
Мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары үшін әр апта сайын университетке арнайы экскурсиялар ұйымдастырылады. Сұрақ-жауаптар үшін арнайы құрылған колл-центр тәулік бойы кез келген мәселе бойынша кеңес береді.
Біздің университеттің факультеттері мен мамандықтары бойынша барлық ақпарат kaznu.kz арнайы сайтында тұр.
Талапкерлерді кешенді тестілеу кезеңдері жайында айтып берсеңіз. Тест қанша уақытқа созылады? Балалар қанша пәннен сынақ тапсырады?
А.К.Х: Ұлттық бірыңғай тестілеу де, кешенді тестілеу де талапкерлер үшін 50 минутқа созылады. Жеделдетіп оқу мерзіміне қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша өз кәсібіне жақын мамандыққа түсуге кешенді тест тапсырушылар үшін 1 сағат 40 минутқа созылады.
Жалпы орта және орта кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша білім алған түлектер 5 пәннен тест тапсырады:
- Қазақстан тарихы;
- Математикалық сауаттылық;
- Оқу сауаттылығы;
- 2 бейіндік пән.
Тест тапсырмаларының жалпы саны — 120.
Жеделдетіп оқыту мерзімі бойынша оқуға түсетін талапкерлер жалпы және бейіндік пәндер бойынша 60 тест тапсырмасын орындайды.
Журналистика, заң және физика-техника секілді сұранысқа ие факультеттерге өту балы қандай?
А.К.Х: Биыл оқуға түсу сынақтары өзгеше ереже бойынша өтіп жатқандықтан, жоғары балл деңгейі 120-дан 140-қа дейін көтерілген. Барлық мамандықтар бойынша бейіндік пәндер өзгерген. Тестке жаңа типті сұрақтар енгізілген. Ол бойынша сұрақтың бірнеше дұрыс нұсқасы беріледі. Ал ұлттық университеттерге түсу балы 70-ден 65-ке түсірілді.
Оқуға түсу науқаны аяқталғанға дейін қай факультетке қандай балмен түсу мүмкін екенін айту қиын. Бұл әсіресе сұранысы жоғары факультеттерге қатысты.
Апелляцияға беретін талапкерлер мен кешенді тестілеуден өте алмай қалғандардың шағымдарына және басқа да осындай мәселелерге қалай дайындаласыздар?
А.К.Х: Тестілеу кезеңі барысында талаптар орындалып, дау тудырған сұрақтарға жауап табу мақсатында Республикалық апелляция комиссиясы мен жоғары оқу орнының өз апелляция комиссиясы құрылады.
Бұл комиссиялардың төрағасы мен құрамын ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Апелляция комиссиясының құрамына тест алынатын пәндер бойынша білікті педагогтар кіреді.
Апелляция комиссиясы абитуриенттердің төмендегі мәселелері бойынша шағымдарын қарастырады:
1. Тесттік тапсырмалар мазмұны, мысалы:
· Дұрыс жауап дұрыс жауап кодымен сәйкес емес;
· Дұрыс жауап берілмеген немесе тапсырмаға сай келмесе де бірнеше дұрыс жауап көрсетілген;
· Тест тапсырмасы дұрыс құралмаған және тапсырма талаптарының бір бөліктері жоқ (мәтін, кесте, сурет, таблицалар), соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау қиын.
2. Техникалық қателер: сканер дұрыс оқымаған, жауап парағындағы олқылықтар, т.б.
Қабылдау комиссиясының жұмысы мен тестілеу процесі ата-аналар мен қоғам өкілдері тарапынан пікір алмасу мақсатында электронды бейнебақылау жүйесімен қадағалана ма?
А.К.Х: Кешенді тестілеуге арналған барлық аудиториялар бейнекамералармен жабдықталған. Талапкерлердің ата-аналары Қазақ Ұлттық университетінің Жастар ортылығында орналасқан 300 монитордың көмегімен тестілеу кезеңін бақылап отыруға мүмкіндігі бар.
Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбат соңында алдағы уақытта жоғары оқу орындарына енгізілмек болып отырған басқа да маңызды өзгерістер туралы ескерткіміз келеді. Ол:
1. «Білім беру туралы» заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еркіндігі кеңейеді. (https://yvision.kz/post/766799).
2. Мемлекеттік білім беру тапсырыстарының ұлғаюы: 2017-2018 оқу жылдары жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беруге деген мемлекеттік тапсырыстың 10 мыңға ұлғаюы (https://yvision.kz/post/766799).

