Жария ету! Легализация!
Мүлікті жария етуге асығайық! Өткен жылдың 13 қарашасы күні Елбасы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды (ары қарай – Заң.) Тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұл Заң мүлікті жария етуді жүзеге асырудың жаңа процедуралық ерекшеліктерін айқындап берді. Яғни, мүлкін жария етуші субьектілерге бұрынғы заңдармен салыстырғанда, көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Осыған орай тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп жатыр. Жалпы, мүлікті жариялау жөнінде әңгіме қозғаған кезде, «Қандай жеке құндылықтар жариялау арқылы заңдастыруға жатады?» деген заңды сұрақ туатыны сөзсіз. Аталмыш сұрақтың жауа…



