ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
Біз үшін ең қымбат – балалар. Олардың жарқын болашағы сапалы білім арқылы қалыптасады! Ал сіз қазақстандық білім жүйесінің қаншалықты құлдырауға ұшырағанын білмейсіз. Бұл жүйе сапасыз реформалардың арқасында құрдымға кетіп барады. Бүгінде мектеп құжатайналымнан бас көтере алмауда бұл бір, екіншіден жоғарыдан қойылған ортақ келісіммен жасалмаған талаптар, үшінші ешқашан таусылмайтын тексерістер, төртінші …, бесінші…, оныншы сияқты бұл шегі жоқ істердің жиынтығы. Осының арқасында мектеп балалармен және білім берумен айналысуға мүлдем уақыт таппайтын болды. Ал білімі, ынтасы бар жастарды жалақысы төмен мұғалім мамандығы мүлдем қызықтырар емес. Осыған орай Қазақстанның Халықтық Коммунистік Партиясы мен мұғалімдер мен оқытушылардың «Ар-Намыс» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі біріге отырып, «З…