Хайтек
Хайтек 1-бөлім Нью-Йорк таңы атып келеді. Көк тіреген ғимараттар. Көшеде құлақ тұндыратын шуыл. Таңғы сарпылыс. Қабырғалары суретке толы тар бөлме. Ескі диванда, жұқа жамылғысы жерге түсіп жас жігіт жатыр. Таң шапағы терезеден әлсіз ғана сығалайды. Жігіт аяғын кеудесіне тығып, жылу іздегендей жастықты құныға құшақтап алыпты. Мүлгіген тыныштықты есіктің қоңырауы бұзды. Жігіт маужыраған күйі басын зорға көтеріп, қалғып-мүлгіп есікке қарай жүрді. Есікті тұтқасын құлықсыз ашқаны сол еді, езуі ел көшсе де жиылмайтын Майк досының сұлбасын көрді. Майк бөлмеге ентелей еніп, - Сәлем дос! Ұйқыға тоймайсың-ау, досым! Сәске түсті, сен әлі маужырап жүрсің! Оян қане, бізді бүкіл әлем күтіп отыр- деп тар бөлмеде ары-бері жүре бастады. Көзі жан-жақты тіміскілей бұрышта тығылған тоңазтқышты тез тауып, өзі…