Алтын батыр - Илья!
Өткен сенбі күні отбасымызбен теледидар алдында жиналып, Париждағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы отандасымыз Илья Ильиннің керемет жеңісін тамашаладық. Ильяның төсіндегі «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» деген жазуы, еліміздің туын иығына жауып алған жеңімпазымыздың қимылдары және ҚР Әнұраны ойнаған кездегі көз жасы оның тек спортшы ғана емес, сонымен қатар еліміздің нағыз патриот азаматы екендігін айқындады. 14 қараша. Таңғы сағат 06.00. Астана әуежайы. Досымыз екеуміз Ильяны күтіп тұрмыз. Сағат 06.40-қа жақын әуежайдың іші адамдарға лық толды. Көпшілігі – жастар. Мақсаттары – елден бұрын Ильяны құттықтау, жылы лебіздерін айту, чемпионнан автограф алу, онымен бірге суретке түсу. Венадан ұшақ сағат 7.40-та кешігіп келетін болды. 1 сағаттың ішінде Ильиннің жанкүйерлері топтасып, бі…