Әжем туралы
Әжем туралы Әкеміз өзінің анасы туралы үлкен тебіреніспен еске алып отыратын. Сондай әңгімелердің бір-екеуі есімізде жатталып қалыпты: "- 1932 жылғы қанды-қырғын аштығы ел талғамай тамақтан өткеннің бәрін қылғытып аман қалудың қамын жасауда. Аш-жалаңаш адамдар әлсіреп, қадам басып жүруінің өзі мұң болып қалған. Кішкентай мен қатарлы балалар өзі аш, өзі әлжуаз, аналарының етегіне жармасып тамақ сұрап жылағандары әлі күнге көз алдымда. Аштықтан бұратылып қалжыраған, бір-екі әйелдің етегіне жармасқан балаларын "осы сен-ақ сор болдың ғой" деп сирағынан ұстап, шырқыратып жылатып, Қабырға өзеніне лақтырғанын өз көзіммен көргенім бар. Соны көріп, есі жаңа кіріп келе жатқан мен не анамның қасына барарымды, не кейін қашарымды білмей мәңгіріп тұрып қалатынмын. Анам мені құшақтап, бірде кеудесіне қы…
