Zen Coding
Алғашқы мақаламды web бағдарламалар жазатын адамдарға пайдалы болатын Zen Coding құралынан бастауды жөн көрдім. Менің мақаланы жазудағы мақсатым Zen Coding құралының барлық мүмкіндігін көрсету емес, жай құралдың пайдалы тұстарына шолу жасау. Сонымен, Zen Coding дегеніміз ол не? Zen Coding - бұл HTML, XML, XSL кодтарын жазуды жылдамдататын, мәтіндік редакторлар үшін қосымша (плагин). (орысша википедиядан аударма) Zen Coding барлық дерлік кең таралған мәтіндік редакторларда бар немесе ең болмағанда қосымша түрінде жасалынған. Көп есіткеннен гөрі бір рет көрген жақсы, Zen Coding-тің көптеген мүмкіншіліктерін келесі видеодан көруге болады: Zen Coding v0.5 from Sergey Chikuyonok on Vimeo. Әрине, div#nav>ul>li*5>a[href=page$.html] түріндегі жазуды бір ғана батырманы басу арқылы мынанда…