Перейти к содержимому
Daulet_Naiman

Daulet_Naiman

На сайте с 30 января 2016 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

5

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

ИСАТАЙ БАТЫР ҚАЙДА ЖЕРЛЕНГЕН?

Ноэль Шаяхметовпен бірге Исатай батырдың мүрдесін іздеген жалғыз тарихшы профессор Зәкіратдин Байдосовқа (СУРЕТТЕ) хат Осыдан бірнеше жыл бұрын Ақтөбе облысы, Қобда ауданындағы Шейітсайда Исатай батырға арнап кесене орнатылған болатын. Бірақ батырдың жамбасы тиген жер төңірегіндегі дау әлі тиылар емес.Ақтөбе облыстық "Ақтөбе" газетінің редакциясына Батыс Қазақстан облысының тұрғыны, зерттеуші Ғаділше Өтебәлінің белгілі тарихшы Зәкіратдин Байдосовқа жазған хаты келді. "Біз хатты жариялай отырып, тарихшы ағамыздан жауап күтеміз. Өзге де тарихшылардың, зерттеушілердің пікірлері болса, көпшілік назарына ұсынуға әзірміз" деп жазады аталған газет http://www.aktobegazeti.kz/?p=35409 Құрметті Зәке! Сол 2009 жылы 8 шілде күні Ақтөбедегі үлкен мешіттегі жұмыс кабинетіңізде Сізді мұқият тыңдадым. Ба…

0
0
1002

МОҢҒОЛ СӨЗІ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

Шыңғыз хан мен оның құрған мемлекеті мәселесі әлем зерттеушілері ең көп қалам тартқан тақырып саналады. Бұл тарихтағы кісілер мен ру-тайпа аттары түркше, әсіресе қазақ тіліне жақын болғаннан кейінгі кездері біздің зерттеушілердің де жазғандары молайды. Алайда олар Шыңғыз хан басшылығымен 1206 жылы құрылған мемлекеттің «түрктігін» айта келе: «Көптеген түрк руларын бағындырып ел қылған «моңғол» атты («сол маңайда көшіп жүрген саны аз тайпа») халық, Шыңғыз хан – моңғол болған» – деген тұжырым айтады. Ондаған түрк руларын, хандықтарын бір ғана моңғол деген тайпа бағындырып, мемлекет соның атымен аталған болса бұған қазақ (түрк) зерттеушілері (халқы) несіне шаттануға тиіс?! Бұл, керсінше, түрк нәсілін қорлайтын жай емес пе!? Сондықтан, бұл тарихпен көптен таныс болсам да, түрктік сөз-атауларды…

0
0
982

МАНСУРДАН ВАККАСҚА ДЕЙІНГІ МАҢҒЫТ ЖҰРТЫ

Гази мен Ваккас кезіндегі Маңғыт жұртының саяси тарихы мәселесі тарихи әдебиеттерде осал қарастырылған. Абдал Гаффар Кырымның мәліметіне сай, Гази мен Науруз ағалары Мансурдың өлімінен кейін Баракпен соғысқан. Сонымен қатар олар таққа Кучук Мұхаммедті отырғызған. Осыдан кейін Гази мен Кучук Мұхаммед Сарайшықтың даруға қызметін әлдебір Айиасқа сыйлаған [20, 95]. В.В.Трепавловтың пікірінше, Мансұр Хаджи-Мұхаммедтің немесе келесі нұсқа бойынша Гияс ад-Диннің, Кучук-Мухаммедтің және Барақтың тұсында, Науруз Ұлық Мұхаммедтің және Кучук-Мұхаммедтің тұсында, Кей-Кавад Пуладтың тұсында, Гази Кучук Мұхаммедтің және Джумадуктың тұсында беклербек болған. Мұнда деректегі бірінші қайшылыққа тоқталуға болады. Қадығрали Жалаиридің жазғаны: Едігенің өлімінен кейін оның ұлы Мансұр Хаджи-Мұхаммедті хан еті…

0
0
791

ҮКАША АТА КІМ?

Әулиенің кеніне айналған қарт Қаратаудың қойнауы киелі орындарымен ерекше. Ел есінде аңыз болып қалған киелі орынның бірі – Үкаша ата есімімен байланысты. Үкаша ата дегенде ең әуелі жұрттың есіне тау басындағы құдық еске түседі. Мұнда келген әрбір адам бірінші Үкаша атаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп құран оқиды. Онан кейін барып тау басындағы құдықтың басына барып су алады. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана бұрнағы уақытта жыр-дастандар арқылы кеңінен таралды. Ал Кеңес үкіметі тұсында рухани тарихымызға қатысты әулиелердің есімдерін, олардың еңбегін, тарихтағы алар орынын мақсатты түрде жоюға тырысты. Тәуелсіздіктің таңы атумен жоғымыз табылып, өшкен есімдеріміз қайта тіріліп жатыр. Қаратау бөктерінде Ислам дінін таратушы Үкаша сахабаның кесен…

1
0
1290

ҚАРЫЗҒА БАТҚАН ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ДЕФОЛТҚА ҰШЫРАЙДЫ

Қазақстанның өзге мемлекеттерге қарызы өткен жылдың қорытынды есебі бойынша 197,1 миллиард долларды құрады. Бұл туралы «Абай-ақпарат» ҚазТАГ-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды. Аталмыш агенттіктің жолдаған сауалына ұйқысы тыныш Ұлттық банктің берген жауабының ауаны осыған сайған. Бас банктің ресми деректеріне сүйеніп барып сөйлесек, еліміздің сыртқы активтері 2015 жылғы 30 қыркүйекке $167,2 млрд, ал сыртқы қарыздары $197,1 млрд болды. Рас. олардың басым бөлігі портфельдік инвестицияларға тиесілі екен. Мысалы, $68,8 млрд, немесе 41%. Оның ішінде ҚР Ұлттық қор да бар. Қазақстанның сыртқы активтерінде тікелей инвестицияларға $32 млрд, немесе 19%, ҚР Ұлттық банк резервтік активтеріне - $28 млрд, немесе 17%, басқа инвестицияларға - $38,2 млрд, немесе 23% келеді. Ұлттық қор мен Ұлттық банктің р…

0
0
464