ҚАРАТАБАНОВ Р.Ә. ҚӘҚ
МӘДЕНИЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫ Жоғарыда баяндалғаннан мәдениеттің қоғам өмірінде маңызды рөл атқаратыны көрінеді, ол ең алдымен мәдениеттің адам тәжірибесін жинақтау, сақтау және тапсыру құралы ретінде қызмет атқарады. Мәдениеттің бұл рөлі бірнеше функциялар арқылы жүзеге асырылады: Білім беру - тәрбиелеу функциясы. Мәдениет адамды тұлға етеді деуге болады. Индивид қоғам мүшесіне айналады, әлеуметтену шамасына қарай, яғни білімдерді, тілді, символдарды, өз халқының, өз әлеуметтік тобының және бүкіл адамзаттың құндылықтарын, нормаларын, әдеттерін, дәстүрлерін меңгеруіне қарай тұлғаға айналады. Тұлға мәдениетінің деңгейі оның әлеуметтенуімен-мәдени мұраға ортақтасуымен, сондай-ақ жеке қабілеттерінің даму дәрежесімен анықталады. Тұлғаның мәдениеті, әдетте, дамыған шығармашылық қабілеттермен, білгірлік…