Қытаймен сауда жасап, 7 карго аштым
Қазіргі кезде елімізде жас кәсіпкерлер қатары артып келеді. Солардың қатарында бүгінгі біздің қонағымыз - Алмаганбетова Аида Майлыбекқызы. Жастар жылына орай жастарға үлгі болсын деп, жас кәсіпкерді келіншекті әңгімеге тартып, пікірлескен едік. - Аида Майлыбекқызы, алғашқы сұрақты өзіңізді таныстыруан бастасақ. Қай жердің тумасысыз?- Мен Қызылорда облысы, Төретам кентінің тумасымын. Қарапайым отбасында, үйдің үшінші қызымын, менен кейін інім бар. Әкем ракета ұшыратын Ғарыш айлағында жұмыс жасады, анам дәрігер болды.-Бала Аиданың арманы қандай еді? Армаңызға жете алдыңыз ба? Қазір қандай саладасыз?- Бала кездегі ең үлкен арманымның бірі журналистика саласында қызмет ету болатын. Оқушы кезімде түрлі мүшайраларға қатысып, айтыстарға, шығарма жазу сайыстарынан қалмайтынмын. Арманыма жете алма…