Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Қытаймен сауда жасап, 7 карго аштым

Қазіргі кезде елімізде жас кәсіпкерлер қатары артып келеді. Солардың қатарында бүгінгі біздің қонағымыз - Алмаганбетова Аида Майлыбекқызы. Жастар жылына орай жастарға үлгі болсын деп, жас кәсіпкерді келіншекті әңгімеге тартып, пікірлескен едік.

- Аида Майлыбекқызы, алғашқы сұрақты өзіңізді таныстыруан бастасақ. Қай жердің тумасысыз?

- Мен Қызылорда облысы, Төретам кентінің тумасымын. Қарапайым отбасында, үйдің үшінші қызымын, менен кейін інім бар. Әкем ракета ұшыратын Ғарыш айлағында жұмыс жасады, анам дәрігер болды.

-Бала Аиданың арманы қандай еді? Армаңызға жете алдыңыз ба? Қазір қандай саладасыз?

- Бала кездегі ең үлкен арманымның бірі журналистика саласында қызмет ету болатын. Оқушы кезімде түрлі мүшайраларға қатысып, айтыстарға, шығарма жазу сайыстарынан қалмайтынмын. Арманыма жете алмағаныммен, қазіргі кезде кәсіпкерлік саласынан өзімді тапқан жайым бар. Арман іште жата ма, арасына сол бала күнгі арман қылаң беретіні рас. "Игіліктің ерте кеші жоқ" деуші ме еді, кім білсін мүмкін болашақта сол бала арманыма жетіп қалармын. Жалпы, мүмкін емес нәрсе жоқ қой бұл өмірде.

-Кәсіпкерлікке қалай келдіңіз? Не себеп болды?

- Тұрмыс құрған кезде алғашына аядай бөлмеде тоғыз адам тұрдық. Сол нәрсе маған қатты мотивация болы десем де болады. Өйткені, ол кезде құр қарап жату мүмкін емес еді. Сол кездегі жалғыз курс Ахметбек Нұрсила мырзаға барып, оқып-білім алғанның арқасына осы кәсіпкерлік саласына келдім.

- Кәсіпкерлік саласы бойынша біліміңізді қалай дамытасыз?

-Aдам білімін әрдайым жетілдіріп отыру керек екен, одан кейін де көптеген курс-тренингтерге қатысып жүріп, кәсібімді үлкейтіп алған жайым бар. Әлі күнге дейін ізденіс үстіндемін. Заманның да талабы да сол емес пе. Кәсіби біліктілікті шыңдау маңызды. Тәжірибе алмасу да актуалды нәрсе. сондықтан, Қытайдағы қандастарымыздан сауда бойынша құнды ақыл-кеңес сұрап отырамын.

-Жалпы Қытаймен бизнесте және түрлі алаңдарда сауда жасау арқылы қандай да бір жетістіктеріңіз бар ма?

- Қытайдан тауар тасымалдап жұмыс істегеніміз бар, түрлі маркетплейстарда сауда жасағанымыз тағы бар, шүкір қазіргі таңда екі үй, бір көлік алдық. Осының бәрі де адал еңбек, маңдай тердің арқасы деп білемін. Тынбай еңбек еткеннің арқасында қаржылай тәуелсіз болдық деп айта аламын. Бала-шағамызды да барынша молшылықта, еркіндікте өсіргім келген сол мақсатыма жеттім, Аллаға мың да бір шүкір.

-Табысты болуыңыздың құпиясы неде?

- Ең бірінші табысты болуға қажеттілік керек деп ойлаймын, мысалы мен барған жерім бай, төрт құбыласы тең отбасы болса мен осы кезде кәсіпкер болмас па едім, бірақ қандай адам болса да арман мақсаты үшін өзінің қажеттіліктері үшін еңбек етсе бәріне жетеді деп есептеймін. Адам баласы әрқашан алға қарай талпынып, ізденбесе, бір орына тұрып қалса, дамымай қалады. Су да бір орында тұрса, саси бастайды емес пе? Сондықтан, әрдайым алға қарай ұмтылу, даму басты ұстанымым.

-Сіз үшін басты құндылық не?

- Мен үшін басты құндылық - ішкі еркіндік, молшылық, жүрегімнің тыныштығы, ойға алған нәрселерімді жүзе асыру. Әрине, ең бастысы жасаған жобаларымның қоғамға пайдалы болуы.

-Болашақтағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз.

- Болашаққа құрған жоспарым көп, әрине. Болашақта барлық кәсібімді бір жүйеге қойып, өзім тек “на раслабоне” ақша тапкым келеді. Қазір осы нәрсені психологтар да жиі насихаттап жүр.

Кәсіпкерлікпен айналысуды көздеген оқырмандарға не айтар едіңіз?

– Мен кеңесімді кәсіп бастап кеткендерге емес, енді бастағысы келіп жүрген жастарға айтқым келеді. Ең алдымен бизнеске қатысты білім керек. Жай ғана «мен кәсіпкер болғым келеді, бір нәрсе сатып, ақша тапқым келеді» деген қалауымен бизнес аша алмайсыз. Кәсіп жолына түскіңіз келсе, арнайы біліміңіз, бизнесті қалай бастау керек, қандай тәуекелдерді ескеру керек сияқты сыни ойлай алу маңызды. Саудамен айналысарда нарықтың беріп отырған керемет инструменті – әлеуметтік желілердің қыр-сырын кәсіпкердің өзі меңгеру қажет. Кәсіптің әр саласын өзі түсініп, өзі көрмесе, жай ғана мамандарды жалдап аламын деп ойлау банкроттыққа әкелуі мүмкін. Сондықтан өзіңізге қажетті білімді толық жинап алып, бастаған абзал.

Екінші, кәсіпкердің коммуникация құра алуы, networking қасиетінің болуы. Кебір адамдар жасқаншақ, қорқақ болды, бірақ, кәсіпкер болғысы келетін адамдар пысық, тәуекелшіл болу керек деп есептеймін. Орынды жалға алған кезде де осы қасиеттердің болуы жақсы көмектеседі. Жалға берушімен бір ай немесе үш айға дейін тегін жалдауға келісімшарт жасасуға болады. Қатынас орнатуға қабілет болса, бастаған кәсібіңізді дөңгелетіп алуға жол ашық. Бастысы қорықпай, ойда жүрген кәсіптен бас тартпай, әртүрлі амалдарын қарастырған жөн.

Жалпы, адам ойлаған нәрсесін еш ойланбай бастай беру керек, әрекетті бастасаңыздар керекті есіктерді Алла өзі аша береді емес пе. Алла негізі, бізден әрекетті күтеді дейді ғой, сондықтан тек алға ғана жүріп, болмай қалса ше деп алдын ала тон пішудің қажеті жоқ. Не бастасыңыз да, сәттілік серігіңізге айналсын дегім келеді.

Жас кәсіпкерлерге қандай мотивация бересіз?

– Мен, әсіресе,  орта және шағын кәсіппен айналысып жүрген жас кәсіпкерлерге мотивация бергім келеді. Себебі, кішкентай кәсіп болғанымен, оның болашақта үлкен бизнеске айналу мүмкіндігі бар. Қолды сілтей салмай, көп қаржы әкелмесе де, сіз күткендей нәтиже бермей жатса да, одан бастарта салмай, аз аздан, үздіксіз жұмыс жасай беру керек. Әрине әр кәсіптің өзінің уақыты болады. Белгілі бір уақыттың ішінде аз болса да, пайда түсіп отырса, әрмен қарай жұмыс жасай беруге болады. Ал, керісінше шығыныңызды ақтамай, бизнес кері кетіп жатса, онда бастарту керек болады. Бұл қалыпты жағдай, жәй ғана басқа кәсіпті көріп немесе басқа нишаларды қозғасаңыз болады. Көп кәсіпкер әйелдерді білемін. Бір істе жолы болмаса, екіншісін бастап табысты болып кетіп жатқан жағдайлар да кездеседі. Сондықтан, алға дегім келеді, білімді арттыра отырып, ниетті түзей отырып, әрмен қарай жұмыс жасасаңыз нәтиже де көп күттірмейді.

Сұқбаттасқан: НАЗИРА БУРХАНОВА

Инстаграм: @burhanova.nazyra

#АльмаганбетоваАидаМайлыбекқызы

#АйдаМайлыбекқызы

#АидаМайлыбекқызы

#АйдаӘлмағанбетова

#АльмаганбетоваАида

#АйдаМайлыбекқызы

#НАЗИРАБУРХАНОВА

0
0
532

Еще по теме