Disney мен Pixar "Ойжұмбақ 2" мультфильмін "қазақша сөйлетті"
Кеше Алматыда «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмінің көрсетілімі өтті. Көрсетілімге елімізге танымал тұлғалар, дубляж актерлары мен блогерлер, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.Disney мен Pixar компаниялары «Ойжұмбақ 2», Disney студиясы «Моана 2»,«Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ және орыс тілдеріне аударды.«Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмінің басты кейіпкері Райлиді блогер Ақерке Естайқызы, Қуанышты әнші әрі актриса Гульнар Тлебалды, Мұңды –кино, театр және дубляж актрисасы Алма Қылмұқан, Қорқынышты — кино мен театр актері, режиссер Рүстем Жаныаманов дыбыстаған. Ninety One бой-бэндының солистері – Азамат Ашмақын мен Батырхан Маликов, дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев та жобаға үлес қосты.Фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубля…

