Сахнадан Парламентке...
Әншілер парламентті жаулап алатын болды деп дабыл қақпай-ақ қояйықшы. Неге дейсіз бе? Қазанда қандай ет болса, бетіне соның сорпасы шығады. Жасыратын несі бар, соңғы кездері өзіміз де қызылды-жасылды дүниеге көп қызығып кеттік. Бұл соның көрінісі. Басқа ештеңе емес. Әншілердің клипін насихаттаймыз, бағдарламаға қонақ қылып шақырамыз, жобаларға жүргізуші қыламыз, бенефисін жасап, дара жолын сөз етеміз. Одан қала берді 4-5 мың долларға тойға шақырамыз. Нәтижесінде әншілеріміз мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімінде тұрады. Ол үшін неге әншілерді немесе партияныны айыптаймыз? Тізімге енуге жол ашып берген кім?! Өзіміз емес пе? Егер қоғамда әншілердің беделі болмай, халыққа олардың өмірі қызық болмаса, партия тізімге қосып қайтеді?! Парламентті өзгерткіміз келсе, алдымен өзіміз өзгеру кере…