Дауылды күндер мен түндер
Бақытты балалылығымнан жасөспірім кезеңге аяқ басып келе жатқан шағым еді. Отбасының еркесі, сонымен қатар, тұғырын ұстар тіреуі болатынмын. Жасыма қарамастан өзімді ересек адамдай сезінетінмін. Менімен сөйлесіп отырған адам көп уақыт өтпей-ақ менің бала екенімді ұмытып кететін. Еркелетуге көне бермейтін, өзін ересек санайтын бала болғам. Еркелеп баратыным тек ағам. Ол маған әке орнына әке болып, мені төбесіне көтеріп жүретін. Әрдайым менің қиындықтарымды шешуге көмектесетін болады деп сенетінмін. Ол өмірден өтеді деген ой ешқашан келмейтін, тіпті күндердің бір күні қартаяды дегенде ой болмайтын. Аңқау бала болған екенмін. Өмірдің қаталдығын білмейтін, тек махаббаттан тұратын ғажайып әлемге сенетін қиялшыл қыз. Ағамның аяқ асты опат болуы, мені өмірдің шындығымен бетпе-бет соқтыртты. Сонд…