ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНДА КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ТАЛДАУ
Туризм индустриясындағы персонал ұйымның бәсекелестік артықшылықтарының негізгі ресурстарының бірі болып табылады, сондықтан туристік ұйымдардағы қызмет көрсету сапасы білімге, шеберлікке және олардың санасына байланысты болады. Туристік сала мамандарының тапшылығы, сондай-ақ оларды даярлау сапасы проблемасы Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың неғұрлым елеулі проблемаларының бірі болып табылады(кесте 1).Қазіргі уақытта Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2021 жылы техникалық және кәсіптік орта білім беру, жоғары оқу орындары мен мекемелерінде «туризм» және «мейрамхана және қонақ үй ісі» мамандықтары бойынша білім алатын 2 мыңнан астам студент бітірді [1].2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 98,7 млрд теңгеге еліміздің қонақ үйлері туристерге қызмет көрсетті. Бұл…