Интернет
Жыр жазайын сайлап ап қалам, қолды, Интернетпен демеймін санам толды. Бес жыл бұрын кірмедім интернетке, Бес жыл бұрын білмедім ғаламторды. Интернетті болмайды жай ұғуға, Күшін жетпес дертінен айығуға. Ең бірінші дос қылған интернетпен, Мың алғыс агент пенен майл.ру - ға. Агент деген бұл күні суып қалды ә? Ол жылдары кірмеуші - ек другтарға, Ол кездері әр үйде интернет жоқ, Барушы едік интернет клубтарға. Жазайын мен өзімше ұтымды өлең, Болу керек адамда күтім деген. Агент бітіп, бір кірсен шыға алмайтын, Одан кейін шықты ғой ВК деген. Бір - бірімен сөйлесіп айыптасып, Пікірлерін әр жерде жайып, шашып, Отырады адамдар Вконтактеде, Ұнаған суреттерге лайк басып. Айналғандай леп - лезде егіс пұтқа, Интернет тарап кетті тегіс жұртқа, Көп кірмейді адамдар білуімше, Тіркелгенмен шет елдік Фейсб…