Перейти к содержимому
Arman-01

Арман Курманбай

@Arman-01

На сайте с 5 сентября 2012 г.Казахстан, Астана

Адекватный, интересный

рейтинг

100

постов

7

комменты

1

подписчика

2

подписок

5

ҚҰТЫДАН ҚҰТ ІЗДЕМЕЙІК!

Мыңдаған жылды артқа тастасақ ежелгі Мысырда, ендігі бір деректерде Эллада жерінде пайда болған осы бір ащы «сусын» сол күннен бастап қаншама адамды өзінің құтысына үйіріп, әрбірдесін телміртіп бұл жалғаннан әкете барды. Орта ғасырларда Каспий мен Алтай өңірін жаулап алып, мұсылман дініне кіргізген арабтар ендігі жерде Русь жерін исламға кіргізуді көздеп, орыс еліне елші аттандырады. Ислам әмірінің хатымен танысқан Русь кінәзі бұл дінде араққа тиым салынған екен деп бас тартқан деседі. ХVI ғасырда Польша мемлекетінде “garzalka” атты арақ ұғымы пайда бола бастаған. Ал Ресей мемлекетінің құжаттарына 8 маусымда 1751 жылы І Елизавета бекітуімен сұранысқа ие болаған екен. Араға 7-8 ғасырды салып арақты қазақ жеріне қоныс аударған орыс шаруалары алып келді. Сөйтіп бұл дерт қазаққа жабысып алды.…

0
0
784

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ҚАЙДА КЕТІП БАРАСЫҢ?!

«Қазақ қызы!» Қандай қастерлі сөз! Ежелден ер азаматпен қатар түзде жауға қарсы найза ұстаған, үйде ошақтың берекесі, алыптардың анасы атанған Қазақтың қызы. Он мың әскерімен парсының патшасына қарсы тұрған Тұмар, даналығымен белгілі Айша бибі, Жиреншеге серік болған Қарашаш, жары дүние салғанда ошағын сөндірмей тағын ұстап, хандық құрған Айғаным ханым, жер мен су жарлыға берілсін деп ұрандаған Шолпан, Алма, фашистке қарсы қан майданда ерліктің қайталанбас үлгісін көрсеткен Әлия мен Мәншүк, еңбек майданында алға озған Кәмшат, Желтоқсанда ұлтым деп ұрандаған Ләззат, егемендіктің туын көтерген сәтте барша жұрттың анасындай болып жүрген Сара апайымыз тізімін бастаған қазақ қыздары қашанда өз қадірімен ерекшеленді. Тарихтан ойып тұрып орын алды. Ал, «бүгінгі қазақ қызы ертеңге қалай барады? Б…

0
0
5244

ҚАЗАҚ ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАЛАРЫ ҚАШАН ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ?

Бала күнімізден мультфильм көріп, ой-санамыз, таным-түйсігіміз жетілді. Ана мен әкеге, қоршаған ортаға, қоғамға деген оң көзқарас, тәрбие қалыптасты бойымызда. Сол бір естен кетпес мультфильмдер «Ну погодиден» басталып, «Том и джеримен» бітеді. Ата- анамыз қазақ киносының ұлы туындысы «Қыз Жібекті» асыға күтіп, үндінің сезім пернесін шертетін фильмдерін жылап көріп жататын еді. Сол бір өткен шақтарды көз алдыма елестетсем адамға берері өте мол ғой. Теледидарда құшақтасып, сүйіспек түгілі, бір- бірлерінің қолдарын ұстай қалып жатса, бетімізді бала алақанымызбен қалқалап, теріс қарап мойнымызды бұра салатынбыз. Мейрам күндері теледидардан көз алмай жан тербетер керемет бағдарламаларды тамашалайтынбыз. Халық әртісі, орны қайталанбас тұлға Құдайберген Сұлтанбай атамыз бастаған «Күлкі керуені»…

1
0
2520

ҚАС ҚАҒЫМ ДҮНИЕ

Асығып-үсігіп жұмысқа шыққан бетім болатын. Жақсы көңіл-күймен аялдамада ел қатарлы автобус күтіп тұрған едім. Көп күттірмей автобусымның тұмсығы да көрінді. Бағдаршамда аялдағаны болмаса, аялдамаға таяқ тастам жерде ғана тұр. Жаяу жүргінші жолымен төрт-бес адам өтіп бара жатыр. Сол сәтте екі ит адамдардың соңынан ілесіп, жүгіріп өтпек болды. Бір ит жолды кесіп өтіп үлгерді де, екіншісі өтіп үлгермей зулап келе жатқан жеңіл көлік оңдырмай қағып өтті. Көзді ашып жұмғанша ит қыңсылап барып, жолдың шетінде жан тәсілім етті. Асфальттің сыз басқан бетіне тілі жоқ төрт аяқтының қып-қызыл қаны жайылып кетті. Сыңарынан айырылғанын сезген екінші итке қансырап жатқан серігінің қасына келуге ағылған машиналар мүмкіндік беретін емес. Ары- бері қипақтап, бірде жолға, бірде жерге қарап тұмсығын жоғары…

1
1
542

CАҒЫНЫШ

Ұйқыдан ояндым. Таңғы сағат - 7.30. Терезе ашық қалыпты. Далада жаңбыр құйып тұр екен. Түн тыныштығын бұзған ақ жауынға теріскейден салқын жел қосылса керек, үйдің іші суып кеткен. Жаураған тәнім жаралы жүрегімді одан бетер жабырқата түсті. Суық өң, суық төсек, суық бөлме... мен үшін бәрі суық... Сағыныш атты дерт оттай жанып кеудемді өртеп барады. Тек көнуден басқа амалым жоқ. Өмірімнің онымен өткен күндерін есіме түсіріп, қайта оралмасын мойындайтындаймын. Бірақ пенде шіркін, қанағаттанған ба, жүрегімде сәлде болса да ол күндер қайтып оралар деген үмітім бар. Бала күнімде “Шын сүйгендер қосылмайды” деген сөзді естігенде «неге олай екен?» деп ойланатынмын. Ақиқатында, шын сүйгендер өмірде бір болмайтынына ақыры көзім жетті. Оның туған айдай көркем келбеті, қайнар бұлақтың үніндей сыңғырл…

0
0
2365

АҚ САҒЫММЕН АРАЛАСҚАН БАЛА АРМАНЫМ

Көңіліміз көптен сағына күткен көктем де келді. Жапалақтап жауып өткен қармен қоса, тоң болып қатқан шыныдай мұздар күннің нұрына төтеп бере алмай еріп жатыр. Бірін-бірі қуып жылғалардан аққан су есіктің алдын кішкетай көлшікке айналдырған. Осынау әдемі көрініске, құстардың әсем үні сән беріп тұр. Таң ұйқыңнан тебірентіп оятатын осы көктемде оралған құстардың адамға берер әсері де ерекше. Ұйқыдан оянғанда құстардың дауыстарын естіп керемет бір сезімде боласың. Олар нағыз жұлдыздар сияқты, ұстатпайтын, тек биіктерде билеп қалқып жүретін. Жер Ана бусанып, жер беті жаңарып, көкпеңбек болып бәйшешектей бүршік атқан хош иісті гүлдер өне бастады... Жаның жадырап, жайқалады... Бұл көктем, мен үшін де жаңа көктем. Менің бұл көктемдегі мақсаттарым мен армандарым да былтырғыға қарағанда мүлдем басқ…

1
0
1969