Kony 2012 -Stop Kony
Әлемді шулатқан Кони Джозеф Кони есімін біреуі таныса, екіншісі одан хабардар емес. Оның аты, әсіресе, жақында ғана дүрілдепшығып отыр. Ағымдағы жылдың5 наурыз күні әлемнің ірі YouTube сайтында есімі аталған Кони туралы, оның жасаған іс-әрекеттері туралы жарты сағаттық “Кони 2012” атты бейне ролик жарияланды. Фильмді Американың Сан-Диего қаласында орналасқан арнайы Invisible Children Inc (Көрінбейтін балалар) құқық қорғау ұйымы жасап шығарды. Фильм режиссері ретінде осы ұйымның басшысы Джейсон Рассел танылды. Бұл қысқа бейнефильмді көргендер саны күннен күнге өсіп отыр және қазірдің өзінде оны 87 милионнан астам адам көріп үлгерді. Сонымен бар жаһанды шулатқанКони есімді адам кім? Invisible Children ұйымының хабарламасы бойынша,Джозеф Кониәлемнің ең надан қылмыскері көрінеді. 1987 жылы Аф…