Әлеуметтік хабарлардың көтеретін жүгі
Еңсесі биік елдің экономикалық дамуы тұрақты болса, сәйкесінше әлеуметтік жағдайы да анағұрлым жоғары дәрежеде болары сөзсіз. Қоғам бар жерде оның әлеуметтік шиеленіскен түйіткілді мәселері болары хақ. Сол мәселенің мәнін ашып, тігісін тіктеп, жай-жапсарын халыққа түсінікті тілмен, ұғынықты үнмен, жанды дауыспен тіл қататын жүйе, әрине, әлеуметтік хабарлар деуге болады. Әлеуметтік хабарлардың негізгі мақсаты – халықты, ел-жұртты әлеуметтік жағдайдың көрінісімен құлағдар ету, мәселен, жұмыскерлердің айлық-табысы, тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру дағдысы, тұрғындардың сапалы өмір сүруі, киім-кешекпен қамтамасыз етілуі, тамағы т.б. секілді тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерді жатқызуға болады. Әлеуметтік хабарлардың негізгі міндеті – халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, әлеуметтік…