JE SUIS AKTOBE
Күні кеше Ақтөбеде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты қазалы отбасылар мен барша қазақ еліне қайғырып көңілімді айтқым келеді. «Қызыл», «сары» деп жүргенде біреулер әкесінен, енді біреу ұлынан айырылып жатыр. Қасиетті Рамазан айында шахид болған бауырларымыздың жандары жәннәттық болсын! Бұл қалың қазақ қара жамылған күн. Бұл балақтағымыз басымызға шығып, жасырған аурумыздан әрбіріміздің өлген күніміз. Шындықты етекке басып емес, ердің тілінен алып хақты құдай деген, исі қазақтың намысына сызат түскен күн. Жалпы осы оқиғаға байланысты Ескендірдің мүйізіндей көрінген бірлі-жарым жанайқайыммен бөліссем. Уахаббизм – ислам емес! Ең біріншіден хақ дініміз исламды жала мен жаман ойдан арашалап алу, яғни исламофобияға жол бермеу. Алайда, бұл жағдайды соңғы күндердегі ақпараттық кеңістіктегі ағ…