ЖЫЛ БАСЫНАН СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ІЗ-ТҮССІЗ ЖОҒАЛҒАН 84 АДАМДЫ ІЗДЕСТІРІП ТАПТЫ
Полицейлер көбінесе алкогольдік ішімдіктерді салынып ішетін адамдарды іздестіреді. Әдетте олар көңіл көтеру орындарында немесе достарының арасындағы отырыстарда табылып жатады.
Сондай-ақ, жыл басынан кәмелетке толмағандардың жоғалуына қатысты 16 оқиға тіркелді. Әрбір өтініш бойынша ювеналдық полицейлерді, учаскелік полиция инспекторларын тартумен іздестіру іс-шаралары өткізілді. Олардың таныстары, жүруі мүмкін жерлер егжей-тегжейлі тексеріледі. Барлық жасөспірімдер кезекшілік тәулікте іздестіріліп табылды және үйлеріне қайтарылды.
«Жадысынан айырылған адамдарды іздеп табу қиынға соғады, себебі олардың әрекеттерін болжау мүмкін емес, - деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Дей тұрғанымен, адам жоғалуының бірде-бір фактісі назардан тыс қалдырылмайды».
Қазіргі уақытта Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімімен 1954 жылы туған Елена Александровна Найф іздестіріліп жатыр. Әйел жартылай жадысынан айырылған, қаланы білмейді. Өткен жылы мамыр айында Петропавл қаласына емделу үшін келіп, туысының пәтерінен шығып кетеді, сол кезден осы күнге дейін оның жүрген жері белгісіз. Ерекше белгілері: бойы 168 см., дене бітімі – арық, шашы – тік, қызғылт сары, ұзын, көзі – сұр. Басында қара берет, үстінде ақшыл жеңіл күртеше, ұзын жасыл көйлек болған.
Жоғалған тұлға туралы қандай да бір мәлімет болған жағдайда полицейлер 8 (7152) 39-48-37, 39-48-07, 8-747-239-11-61 телефондарына немесе «102» пультіне хабарласуды сұрайды.

СҚО ПД баспасөз қызметі
