Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Жусан.

Қою көк-қара түсті аспанның ең шетін ағартқан таң келіп жатты... Түнімен жымыңдасқан жұлдыздар бар жарығын беріп, сөніп, қоштасар кезі. Құдайдың құдыретімен, табиғаттың заңымен түн ығысып, өткелі алыстамаған таңның уақыты...Ғасырдан ғасырға, жылдан жылға жалғасқан түн мен таңның кез-шерет ауысқан тым-тырыс, сыр мен құпияға толы, бірақ өзгермеген алыс-беріс кезеңі... Балық аулауға шыққан мен бір төбешіктің жаңыңда өскен жусанның иісін иіскедім... Танауымды айқара ашып искесемде тойына алмай жатқандай, мұрынымды жусанның сабағына тақадым.. Ата-бабамнан бұйырған, мақтанышым - мұрынымның екі танауы шаңсорғыштай жұтқан жұсанның иісімен бірге сол өсімдікке жабысқан шаңы да кіріп кетті. Жанарыма сол сәтте жинала қалған жас, мұрынымды қақ ортасынан жарған түшкірік айналамда маужыраған таңды шарқ ете жарды.. "Жарылқа аллам" дедім де, жүре бердім. Ол жусан Ақтөбе деген жерде өседі. Ол Ақтөбе деген, тіпті кереметтей төбе де емес, әшейін бір бүкірейген "төбешік". Бірақ, түйенің өркешінен биік төбе көрмеген біз үшін, ол төбешік шын мәнінде бір төбе. Оған қоса, сол жерден жерім деп жан таласқан батыр, ер азамат, бір-біріне үзеңгі жолдас болған, әкеме аға болған намысты тұлғалар сол төбенің маңайында дем алып, әңгіме жарастырған төбешік мен үшін ерекше ыстық... Сол, талай жылдар өтсе де, мұрынымның қуыстары жусанның шаңын әлі де ұмытар емес...

0
0
241

Еще по теме

Жусан. - Yvision.kz