Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ОҚУДЫҢ ЖЕКЕЛЕЙ ЖОЛЫН ТАҢДАУ ҚҰҚЫҒЫ БЕРІЛЕДІ

31 мамыр күні Лев Гумилев атындағы ЕҰУ жанында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің халық алдында есеп беру жиналысы өтті. Байланыстың бұл түрі білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар жайында түсінікті тілде әңгімелеп, ата-аналар, сарапшылармен байланыстың сапасын жақсарту мақсатында таңдалды.

Бұл кездесу барысында Ерлан Сағадиев (https://yvision.kz/post/770939) министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы жоспарлары жайлы әңгімелеп, өзінің блогы мен министрліктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына келіп түскен көптеген сұрақтарға жауап берді.
Баяндамашылардың арасында Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің директоры Дархан Ахмед-Заки да болды. Ол жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру саласындағы кадрлар дайындау мәселелері мен осы саланың болашағы туралы әңгімеледі.

Министрлік жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру бойынша 2016 жылы мынадай жұмыстар атқарды: 
1. Жоғары білімнен кейінгі білімге мемлекеттік тапсырыс көлемі артты. 
2. Жоғары оқу орындарына қабылдау жетілдірілді. ҰБТ немесе КТ нәтижесі бойынша ең төменгі шекті балды жинай алмаған талапкерлерге тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігі берілді.
3. Педагогикалық білім берудің сапасын жақсарту мақсатымен 2016 жылдан бастап педагогика мамандықтарына тапсыратын талапкерлер педагогтік қызметпен айналысуға бейімдігін анықтайтын арнайы емтихан тапсырады. 
4. Ғылыми-педагогикалық кадрларды жасарту мақсатымен алғаш рет докторантурада ақылы негізде оқу енгізіліп отыр. 
5. “Мәңгілік ел жастары – индустрияға”, “Серпін-2050” жобаларын жүзеге асыру шеңберінде солтүстік аймақтарда оқу үшін 3 мың талапкерге грант берілді. 
6. Ұлт жоспарының 79-қадамын және Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге сыру шеңберінде оқытушы профессорлар құрамын оқыту басталды.
7. Академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттердің шетелде оқуы үшін 9,5 миллион теңге бөлінді. 
8. Жоғары оқу орындарының зерттеу мүмкіндігін күшейту мақсатында білім мен ғылымның интеграциясы жобасын жүзеге асыру жалғасуда (2014 жылдан басталған). 
9. Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жоғары оқу орындарындағы басшылық қызметке шетелдік мамандарды тарту қарастырылғаны белгілі (проректор, декан, директор). 
Шетелдік топ-менеджерлерді тарту нәтижесі төмендегідей: 
- жаңа білім беру бағдарламаларын жасау;
- Ұлттық зерттеу институты мәртебесіне жоспарлы түрде көшу;
- халықаралық аккредитациядан өтуге дайындық және т.б.
10. Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын (ИИДМБ) жүзеге асыру үшін 48 инновациялық білім бағдарламасы жасалып, осынша зертхана ашылды, оқу және зерттеу сонда жүзеге асады. 
11. ИИДМБ жетекші салалары бойынша алты мамандықтың және жаратылыстану-математика бағыты бойынша 4 педагогикалық мамандықтың білім бағдарламасы ағылшын тілінде жазылды. ЖОО үшін ағылшын тілінде 50 оқулық шығарылды. 
12. Жыл сайын жоғары оқу орындарының 200 үздік оқытушысына конкурс негізінде әлемдегі жетекші университеттерде тағылымдамадан өтуге, зерттеу жұмысын жүргізуге, оқу құралдарын шығаруға грант беріледі. 
13. 2016 жылдың бітірушілері бойынша алғаш рет мемлекеттік тапсырыспен педагогика мамандығы бойынша оқитын бакалавриат студенттеріне жолдама берілді. Бітірушілердің жалпы санына шаққанда (128,4 мың адам) олардың 76,5%-ы жұмысқа орналасты, ал мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындардың (35,8 мың адам) 83%-ы жұмысқа орналасты.

Алдағы уақытқа арналған жоспарлар:
1. “Білім беру туралы” заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу. Атап айтқанда: 
- жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еркіндігі айтарлықтай артады; 
- білім бағдарламаларын жасауды Ұлттық біліктілік шеңберіне сай енгізу принципін жалғастыру, ол оқу нәтижесін анықтайды; 
- студенттерге бір мезгілде екі бағытта білім алып, оқудың жеке траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік беріледі: «Major» (мамандықты терең игеру) және «Мinor» (мамандықты қосымша игеру);
- 4 жыл бойы мамандықты қаржыландыру жүйесінен кредиттік қаржыландыруға көшу жоспарын отыр (тек «Major» бағыты бойынша).
2. ҰБТ форматын жетілдіру. 2017 жылы мектеп бітірушілер үшін ҰБТ екі кезеңге бөлінген: қорытынды аттестация – мектептегі қорытынды емтихан және ҰБТ – жоғары оқу орнына түсу емтиханы. 
3. Білімге берілетін мемлекеттік тапсырыс. 2017-2018 оқу жылында жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім бойынша мемлекеттік тапсырысты 10 мың орынға дейін көбейту қарастырылып отыр.
Келесі шығарылымда Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Абдрасиловтің баяндамаларын көре аласыздар.
Есептің бірінші және екінші, үшінші бөлімдерін мына сілтемелер арқылы өтіп көре аласыздар:

https://yvision.kz/post/770939

https://yvision.kz/post/770947

https://yvision.kz/post/771534

0
0
380

Еще по теме