Перейти к содержимому
Обложка сообщества Общество

Жай пост емес!!!

Ата-ана мейірімін сезіне алмаған жəне балаларының қадіріне ие бола алмаған қоғамның қос өкілдері біріксе, мүмкін белгілі бір мерзімге болса да, біріне-бірі жеткіліксіз болған, сезімдерін толықтырар ма еді деп ойлаймын. Қартайған шағында баласынан жылу көрмеген қарияларға, өмірінің ең қызықты кезеңі балалық шағын əке-шешесіз, туған-туыссыз өткізіп келе жатырған жандарды бір үйде өмір сүруге бейімдеп көру, бұл жандардың алдағы өміріне жақсы əсер етеді деп есептеймін. Жас буынға еркелететін, ақылшы бола алатын жандар болса, қариялардың қолдары ұзарып, бұлыңғыр кезеңіне мəн келтірер еді. Осыдан кейін қариялардың біреуі болса да, өз үйіне кері қайтуға мүмкіндігі туып жатырса, сол жас балаға бауыр басып, өзімен ала кетуі де мүмкін болар еді. Бұған сену өте қиын, алайда, өз ата-анасын болмаса туған баласын өз үйінен алыстатады дегенге де сену қиын еді. Өмір сенсацияға толы. Біреудің туған баласын екінші бір кісі асырап алып жатыр, біреудің əке-шешесін екінші бір кісі өз қамқорлығына əкетіп жатыр. Сондықтан бұл өмірде бəрі де мүмкін екендігіне көз жеткізуге болады. Бұл тəжірибені Канада басшылығы қолдап, жүзеге асырған екен. Нəтижесінде, қариялар өмірін балаларға арнап, баланың, немерелі болудың бақытын сезініп жатыр екен, ал балалар болса ата-ананың мейірімін сезіне бастағандығын айтыпты. Сондықтан бұл тəжірибені бізде өзімізше байқап көруіміз керек. Біздің елімізде де бұл жобаға қолдау болып жатырса, қуанышты болар едім.

2
0
614

Еще по теме

Жай пост емес!!! - Yvision.kz