Перейти к содержимому
Обложка сообщества Бизнес

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ТАРТУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Жұмыссыздықты жою мақсатында оқушыларды мектеп қабырғасында кәсіпке баулу керек дейді мамандар. Тіпті Президент те жастарды техникалық мамандықтарға тарту керектігін айтқан. Өйткені қазір лақтырған таяқ заңгер мен қаржыгерге барып тиетін болды. Ал елімізде жол саласының мамандары тапшы. Еуропа мен Азияны жалғайтын, жер көлемі бойынша әлемде 9-орын алатын Қазақстанның транзиттік ахуалын арттыру үшін мыңдаған шақырым жол салынуы тиіс. Бұл ауқымды жұмысқа шетелден маман шақыртпай-ақ, өз жастарымызды жол саласына баулыған әлдеқайда тиімді. Осы орайда, елімізде жол мамандарының жетіспеушілігіне байланысты Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы тарапынан 2020 жылдан бастап «1000 мектеп» акциясы басталған болатын. Мақсат - мектеп қабырғасында оқып жатқан балаларға жол мамандығының артықшылықтарын түсіндіріп, сол мамандық бойынша кәсіби бағдар беру. Осы уақытқа дейін Орталық 3 546 мектеп оқушыларымен (2020 ж. – 1153 мектеп, 2021 ж. – 1389 мектеп, 2022 ж. – 1004 мектеп) кездесіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргіздік. Одан бөлек, еліміздегі әртүрлі жоғарғы оқу орындары мен колледждің 92 студентін ақылы өндірістік тәжірибеден өткізді. Яғни жол саласы бойынша білім алып жатқан жастар жазғы демалыс кезінде «Жол активтері» ұлттық сапа орталығының әр өңірдегі филиалына барып, білікті мамандардан тәжірибе жинайды. Сол үшін студенттерге жалақы төленеді. Осы арқылы түлектерді жол саласына тарту көзделген. Қазірдің өзінде 10-ға жуық студенттер мекемеде осы күнге дейін жас маман ретінде жұмысын жалғастырып келеді.

1
0
267

Еще по теме