Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАРЫҚТЫҚ

1996 ж. бір жағдай осы сөзді еске түсіріп, «Жарықтық» ұғымының кереметтігіне, ол сөзімізге қайран қалдым. Сол жылы Америка Құрама Штаттарында 1976 ж. басылып шыққан, 1990ж. Мәскеуде орыс тіліне аударылған, 300 мың дана боп басылған «Өлімнен кейінгі өмір» (Life After Death) деген кішкене кітапша.

Бұл кітапша не тұралы деген сұраққа, оған алғы сөз жазған зерттеуші ғалым Элизабет Кублер-Росс былай дейді: «... соңғы бес жылда доктор 150 ден астам аурулардың «Клиникалық өлім» деп танылғаннан кейін қайта тірітілген оқиғаларын зерттеп талдадым, ... дінбасшылардың көпшілігі оны зерттеуге болмайды дейді... Менінше бұл қалтқысыз, шыншыл зерттеушінің кітабы, ондағы келтірілген деректер менің 20 жылдай өмірден күдер үзгендермен жұмыс тәжрибеммен де, басқа да ғалымдармен де расталады...» Кітап авторының өзі «...өлімнен кейін өмір бар деп дәләлдеуге тырыспаймын, ондай «дәлел» мүмкін де емес дей отырып, өліммен бетпе-бет келген оқиғалардың алуан түрлігіне, оған ұшырағандардың бір-біріне ұқсамайтындығына қарамастан, олардың айтқандары таңданарлықтай сәйкестігін байқаған.

Мен, - дейді ол, - сондай әлденеше рет қайталанған 15 ұқсастықты бөлектеп, дараладым да соларға негіздеп «адам былай өледі» деген үлгі құрастырдым дейді. Сол үлгілердің ішіндегі бір сипаттама біздің тіліміздегі «жарықтық» терминіне дәл сәйкес келеді: «Оның (өліп бара жатқанның) алдында сәуле шашқан жарық пайда болады, одан өзі бұрын сезбеген мейірімділік пен жылы жандылық леп еседі...» - дейді автор.

«Жарық» жөнінде бірнеше мысалдар келтіріпті, соның бірін оған былай баяндапты: «мен бірдеңе ішейін деп орнымнан тұрғанда әлім құрып құладым. Маған кейін белгілі болғандай, дәл осы сәтте менің аппендиксім жарылыпты. Айналам, бәрі малтып, қалқып кетті. Жаным шығайын деп денемді сілкінткенін сездім және сол сәтте бір тамаша саз үнін естідім. Мен бөлмеде қалқыдым, есік арқылы верандаға шықтым, онда менің төңірегімде бұлыңғыр ақшулан-қызыл тұман қоршады, сосын мен қабырғадан кедергісіз өтіп шығып мөлдір, ақ сәулелі жарық көзіне қарай зымырадым. Өмірде көрмеген ол жарық көз жанарымды шағылыстырған жоқ, одан сезінгенім кең пеиілділік пен мейірім ғана».

Автордың екшеп алған баяндауларда ең таңғажайыбы және бәрінде кездеспейтіні жарқырыған жарық. Алғашкысында ол сығырайып қана көрініп, лезде жарқырай түсіп, керемет жарыққа айналады, бірақ көз одан жасқанбайды, төңіректегі байқауға кедергі жоқ. Мүмкін олардың мұны сезінуі көз арқылы емес те шығар. Ол мейірімділік пен жылулық шашады, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өліп бара жатқан адамды сол жарық құшағына тартып бара жатқанын және одан жеңілдік пен жылулық сезеді. Өзі де оған құштар болғандай. Бәрі де жарық көзі туралы баяндағанымен әр қайсысы әртүрлі түсіндіреді. Ол оның дініне, сеніміне, тәрбиесіне байланысты жорамалдайды, сөзбен айтып жеткізе алмайды. Көпшілігі авторға: «айтайын дегенімді білдіретін сөз жоқ» деген екен. Бірақ, жарық туралы бәрі еске алған.

Мысалы, дүние жүзіндегі санаулы ғана әлемдік тілдердің бірі – орыс тілінде бұл сөз де, ұғым да жоқ. Біз де ұмытқан сияқтымыз. Қазір бұл сөз айтылмайтын сияқты. Мысалы, молдалардың ауызынан естілмейді. Өткендерді еске алып жақсы-жақсы естелік айтқанда, осы «жарықтық» сөзі қолданылмайды. Сонда қалай? Бұл сөзді менің шешем ғана білген бе? Жоқ бұл жалпы қазаққа белгілі ғой деймін. Ең болмағанда біздің жақта ғана болса да, халық сөзі болу керек.

Мен жасым келіп зейнетке шыққаннан кейін он жыл андай-мұндай қызметтер атқардым, аудармашы да болдым. Мұның өзі оңай қызмет емес екен. Кейде аударуы қиын сөздің баламасын іздеп қиналғанда: «осындай ұғымды апам не деуші еді»- деп ойланып отырып, дәл табатынмын.

Апам деп отырғаным кім еді? Ол менің шешем. Қазақ шешесін апам демеушеді ғой. Шешемнің бірінші баласын атам (әкемнің әкесі) өзіне меншіктеп, сен менің баламсын деп өз шешесін Қауа (Eva-Heva-Hava-Kaua) деген атымен ата деп үйретеді. Содан кейінгі балалардың бәрі, мен де соның ішінде Қауа деп атын атайтынбыз. Осылайша біз институт бітіріп, қызметке шыққанша осылай атап жүрдік. Шешеміз болса 55 жасқа келіп қалды. Бізге Қауа деген ат ең жақын, жүрекке жылы, мейрімділік болып кеткен. Дегенмен біз апайым Зәмзә (мұғалім) екеуміз шешемізбен ақылдасып, мұнымыз дұрыс емес екен ғой деп мойындап, қалай атағанымыз дұрыс деп ақылдастық. Шешеміз осынын дұрыс еместігін біле жүріп, бізге наразылық ештене деген емес еді. Енді Шешеміз мені апа деп атаңдар деді. Ал менің әйелім Валентина үйленген күннен бастап апаны жай ғана апа емес, апа Жакуповна дейтін, апам 99 жасқа келіп қайтыс болғанға дейін бір шаңырақ астында өмір сүрдік. Біз оның балалары біріміз мұғалімдер, біріміз қызметкерлер ол кезде осылайша Зәмза Кумаровна, Ғаббас Кумарович, Валентина Кадыралиновна деп атау әбден орныққан еді. Апамды да осылай атау оның өзіне ұнайтын. Себебі әкесі Жақып 1931 жылы конфискеленіп, жер аударылып айдалып кеткен, қай жерде өлгені де белгісіз. Төрт қыз бір ұлы болған. Бірақ 16 жасар ұлды біреулер өлтіріп кеткен. 4 қызы оның ішінде менің шешем тұрмысқа шығып, Жақып аты өшіп қалған. Сондықтан келінінің апа Жакуповна дегені оған ұнайтын сияқты еді. Әйтпесе, келініне «жап ауызынды» деп ұрсып тастайтын еді.

Дүниеден қайтқан қадірлі біреуді еске алғанда оның есіміне «Жарықтық» сөзін қоса айтатын. Оны ел құрметтейтін, туыстары, жақындары, көршілері, ауылдастары бұрыннан қадір тұтып сыйлаған, абыройлы адамдарды еске алғанда «Жарықтық пәленше-еке...» дейтін шешем. Мен, бұл сөздің мәні не деп ойланған емес едім. Апамың оқыған білімі жоқ еді. Бірақ, ойлау, пайымдау, түсінік қаблеті кең де терең еді. Мысалы, «Еңлік-Кебек» дастанын жатқа айтатын. «Сәтбек батыр» деген дастанды мен сол шешемнен ғана естігем. Онда зұлұм Жармақ аң аулап кеткен Сәтбектің уйінде әйеліне озбырлық, қиянат жасау үстіне түседі. Сәтбек алып денелі жауызбен алыса кетіп, ұзақ арпалысып, жанталасып әлі бітіп бара жатқанда иті келіп көмектесіп, жауызды балталап өлтіреді (қазаққа барлық жауыздар Жармақ-Ермак болған сияқты). Совет заманында бұл дастан еш жерде басылмаған. Ел арасында бірең-сараң білетіндер болған. Соның бірі менің шешем еді.

P.S. Мен шешемді ылғи апа дейтінімді айттым. Ал шынында қалай атау керек? Мама деу керек пе, әлде шеше деу керек пе? Қазіргі балалар шешесін қалай атайды? «Мама» дегенді кейбіреулер жақтыртпайды, орыс сөзі дейді.

1
0
2737

Еще по теме

ЖАРЫҚТЫҚ - Yvision.kz