Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАННАН БЕЗІП ЖАР САЛДЫҚ

ЖАННАН БЕЗІП ЖАР САЛДЫҚ

(Желтоқсанда азаттық деп жар салған жалынды жастар)

1986 жылы 16 желтоқсанда СОКП Орталық Комитетінің шешімімен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан босап Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы болып Колбин тағайындалды. Соған наразылығын білдірген жастар орталық алаңға ағыла бастады.

Ауыл шаруашылық институтында сабағым бар еді соған бардым, келсем студенттер дүрлігіп отыр екен. Олар маған: «Ректордың, егерде кімде-кім алаңға шығатын болса оны оқудан шығарамыз және жауапқа тартылады», деген сөзін жеткізді.

Мен оларға: «Бостандықтың күрессіз келмейтінін, отанымыздың азаттығы үшін көптеген отандастарымыз жанын құрбан еткенін айтып, алаңға шығу керектігін түсіндірдім. Кенесары, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Мыржақып Дулатов сияқты көптеген азаматтар қазақ халқының азаттығы үшін өмірлерін құрбан етіп, жандарын қиғандарын жеткізіп, және біздің жанымыз сол ардақты азаматтарымыздың жанынан артық емес», деп Орталық Комитеттің теріс шешіміне алаңға шығып наразылық білдіру – қазақ еліне азаттықты талап ету қажеттігін айттым.

Жандарында Отанына деген ыстық сүйіспеншілік лаулаған, көкіректерін елі үшін намыс кернеген жалынды жастар мені бір ауыздан қолдап, біз алаңға шықтық.

Әрине халықтар достығының лабораториясы атанған мамыражай Қазақстанда бұл оқиға билік машинасы үшін күтпеген жәйт еді.

Бейбіт шеруге шыққандарды қуып таратуға Орта Азия және Қазақстан ішкі әскерлерінің № 6654, 7552, 5449 әскери бөлімдері, Алматы өрт сөндіру училищесінің курсантары, Ташкент, Тбилиси, Уфадан қосымша алты арнайы милиция батольондары Ташкенттен Тбилисиден № 3408, 3219 мотоатқыштар болімдері тартылғаны, оған қоса 10 БТР және 10 өрт сөндіргіш машиналары болғаны белгілі болды.

Алаңның жан-жағын темір телпек киіп, резина тоқпақпен, шолақ күрекпен қаруланған солдаттар жауып кетті, олар ұйлыққан жұртты жусатып кетті, екінші сондай бір лек жиналғандардың шаштарынан шыңғырта сүйрелеп, алаң шетінде дайын тұрған машиналардың қорабына тоғытып жатты.

Жастарға «бұзақы, нашақор, маскүнем» деген аттар тағылды. Оларды жұмыстан, оқудан шығарып, комсомолдан аластады, ұрып - соғып, азапқа салып тергеп соттады.

Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған Қазақ халқының азаттығын жанын құрбан етіп заңды талап еткен жастарды отаршылдардың құйыршықтары жаппай қудалауға кірісті.

Батыр жастарымызға желтоқсан көтерілісі кезіндегі жамалған «қылмыскер» деген жалған ат үнемі алдарынан шығып, оларды өмірден түңілуге дейін жеткізді, көтеріліске қатысқандарды «халық жауындай» қаралап, еш жерге жұмысқа алмады. «Балалары режимге қарсы шықан» – деп, ата-аналарын жұмыстан қуды. Жендеттердің аяусыз тепкісімен, бойынан өткен суықтан жастардың кейбіреуі мугедек болып қалды.

Халқымызға үлкен рух берген 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісімен оның нәтижесі 1991 жылғы туелсіздігміз екенінде дау жоқ.

Кез-келген бұқара толқуын ұлттық рухты қамшылаған намыс тудырады.

Алаңға шыққан жастардың бұл көтерілісі зұлымдық империясының кезекті озбырлығына, басынуына шыдамы таусылғандығының айғағы – ол қазақ халқының отаршылдардың ғасырлар бойы қанауына, басып-жаншуына деген кезекті жойқын қарсылығы еді.

Тарихтан мәлім болғандай қазақтар отаршылдарға қарсы 384 көтеріліс жасаған екен. Жаратқан ием халқымды өр рухынан айырмасын.

Құрлықтың 6/1 бөлігін құраған 16 республиканы құлдықта ұстаған зұлымдық империясының (СССР) тұғырын шайқалтып, сол кезде бодан болған 16 республикада бүгінгі күнгі демократияның негізін қалап тәуелсіздіктің бесігін жасаған, 1986 жылғы 16 желтоқсанда халқының азаттығы үшін көтеріліске шықан елім деп еңіреген батыр ұл-қыздарының ер жүректеріне басымызды иіп, сол батырлардың қанымен келген азаттыққа бүгінде оның жемісін көріп отырған адамдардың еш өтелмес қарызы, сондай-ақ қаhарман жастарды мәңгі ұлықтау қасиетті парызы екенін еш естен шығармауымыз қажет.

(Астана ақшамы 16.12.2006)

0
0
253

Еще по теме

ЖАННАН БЕЗІП ЖАР САЛДЫҚ - Yvision.kz