Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАҢА ЗАҢ – ЖАҢА ТАЛАП

 

Облыс әкімдігі ғимаратында «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі» тақырыбында кездесу өтті. Аудан және ауыл әкімдерінің қатысуымен өткен бұл шара ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңдарын түсіндіруге бағытталған.

Жиын барысында сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов  мемлекеттік қызмет туралы заңның кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мақсатында қабылданғандығын атап өтті. Меритократия қағидаттарына негізделген заң  болашақта әрбір үміткерге қойылатын талапты күшейтіп қана қоймай, мемлекеттік қызметкерлердің мансаптық өсуіне де жағдай жасайтын болады. Рафхат Бисенов өз баяндамасында мемлекеттік қызметкердің білімін арттыру мен біліктілігін қадағалау мәселесі де алдағы уақытта жүйелі түрде жүзеге асырылып тұратынында баса айтып өтті. Сондай-ақ жұмысқа алынарда үміткердің бейімі мен іскерлігі, құзіреттілігі анықталып, ескеріліп отырылуы тиіс.

 

0
0
418

Еще по теме

ЖАҢА ЗАҢ – ЖАҢА ТАЛАП - Yvision.kz