«ЖАҢА КӘСІБИ СТАНДАРТ»

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында «Жаңа кәсіби стандарт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жоспарына және тұжырымдамасына сәйкес, қаңтар айы кәсіби және тиімді мемлекетті құруда Қазақстанның жетістіктеріне арналған. Қаңтар айы бойына Қазақстанның Тәуелсіз, Егемен, Қуатты және Біртұтас мемлекет ретінде жетістіктерін көпшілікке жеткізу бойынша іс-шаралар өткізілуде.
Соның бірі басты мақсаты мемлекеттік қызмет институтының бірегейлігін бекіту, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қою болып отырған аталмыш дөңгелек үстел.
Жаңа этикалық кодексті таныстыру бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.Токушев сөйледі. «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзалин өз баяндамасында қоғамға есеп беру міндеттілігін және тиімділігін, меритократия принциптеріне негізделген заманауи мемлекеттік аппараттың дамуына және қалыптасуына тоқталды. Кәсіпкер З.Бимағамбетова жаңа кәсіби стандарт отандық бизнес тиімділігінің кепілі болатындығын айтты.
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасының меңгерушісі PhD докторы, доцент М.Саимованың баяндамасының тақырыбы – «Адам капиталы заманауи кәсіби мемлекеттік аппараттың негізі». «Ақтөбе Даму» қоғамдық қорының төрайымы, «Ақтөбе - Антикор» қозғалысының жетекшісі Ж.Қадырова мемлекеттік қызметтің кәсібилігі көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруда маңызды міндет екендігіне тоқталды.
Дөңгелек үстел отырысына мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметтің ардагерлері, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері, бизнес қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
