Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Ж У Б А Н М О Л Д А Г А Л И Е В – Н А С Т О Я Щ И Й Г Е Р О Й

Н А Ғ Ы З Е Р – Ж Ұ Б А Н М О Л Д А Ғ А Л И Е В

XX-шы ғасырдың басында 1917 жылы «Батыстың жобасымен» Рессей империясында қазан төңкерісі болып билікке сауатсыз жұмысшылар мен шаруалар келді. Жалаңаяқтар байлардың мүлкін тартып алып өздерін қуғын-сүргінге түсірді, наразылық білдіргендерді «халық жауы» деген ат қойып ату жазасына кесті.

Айуандардың зұлымдықтарының ең сорақысы Совет Одағы аумағында тұратын барлық халықтарды бір ұлтқа (орысқа) айналдыру мақсатында: тарихынан, салт-дәстүрінен, мәдениетінен, тілінен, ұлттық болмысынан айрып оларды маңқұртқа айналдыру саясатын жүргізді.

Большевиктер (коммунистер) бұл зорлық-зомбылық (геноцид) саясатын қазақ халқына аса айуандықпен жүргізді. Наразылық білдіргендерді «халық жауы» деп қуғындап, халықтың мал-мүлкін тартып алып қолдан жасанды ашаршылық жасап қазақтарды миллиондап қырғынға ұшыратты.

Міне, осындай нәубет заманында үрейленген қазақ тіпті өзінің атын айтуға қорықан кезде Жұбан Молдағалиев намысына мініп «Мен – қазақпын», деп әлемге жар салды.

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген. Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым. Жөргегімде таныстым мұң тілімен Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Сансыз басты диюдей сан тіріліп, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Мен – қазақпын» дегенді айта тұрдым.

1986 жылғы 16 желтоқсан күні әбден басынған Совет үкіметі (Мәскеу), мазақ қылғандай Қазақстанның басшысы Қонаевты алып тастап орнына басқа елдің обылыс орталығының хатшысы, көлденең атты Колбинді қойған кезде өз Отанында еш құқықсыз құлдарша күн көрген қазақ халқының шыдамы әбден таусылды. Желтоқсан көтерілісі бұрқ ете түсті. Желтоқсан көтерілісі қарулы күшпен аяусыз басып-жанышталды, көтеріліске қатысушыларды қатал жазалады, олар: оқудан, жұмыстан қуылып, түрмеге қамалды.

Басқыншылық ниеттегі қызыл империя құйтұрқы амалдарға барып, зиялылардың бас шұлғып, айыбын мойнына алған қалпын көргісі келіп, осы ниетте Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Колбин жазушылармен кездесуді ұйғарады. Оған қатысушылардың арасынан сөз сөйлейтіндердің кандидатураларын әзірлейді, олардың ішінде Қазақстан Жазушылар одағын басқарған айтулы ақын Жұбан Молдағалиевтің келісімін алған соң орталық партия комитетінен әлдекімдер байланысқа шығып, «ұл-қыздарымыздың әрекеті үшін орыс халқынан кешірім сұраймыз – деп айтыңыз», деген тұрғыдағы уәждерін тықпалайды.

Жұбан Молдағалиев 1986 жылғы 31 желтоқсанда Колбинмен болған кездесуде сөйлеген сөзінде: «Қазақтар бүгінгі күн үшін басқа халықтармен бірге совет үкіметін орнату жылдарынан абыроймен өтті, халқының жартысына жуығын жұтқан қасіретті ашаршылықты басынан өткерді, жас зиялыларынан айырған 37 мен 38-жылдардың трагедиясын бастан кешті. Соғыс жылдарында қазақтар Отанымыздың адал әрі қаһарман қорғаушыларының бірі болды. Осы ер, кеңқолтық, жомарт, өршіл әрі кәдімгі аңқау, ұлттық шектеушілік мүлде жат халық өзінің кеңдігін тың игеру кезінде де көрсетті. Тыңға сан түрлі адамның келгені ешкімге құпия емес, оның ішінде бұрынғы қылмыскерлер де, ақша қуған арамтамақтар да болды. Осындай адамдардың байырғы халықтың ұлттық намысына тиетін әрекеттер жасағаны-да аз емес».

Бүгінгі таңда «Орталықтың» саясатына сай Қазақстанға келімсектердің көптеп келуіне байланысты және жергілікті халықты аяусыз қырып жоюына байланысты қазақтар өз жерінде аз ұлтқа айналды, дей келе сөзін әрі қарай жалғастырып:

«Сіздің өзіңізге республикада интернационалдық тәрбие және ұлтаралық қатынастар мәселесі қалай шешіліп жатқанын әлі де мұқият, сан қырлы талдау керек» – деп талап қойды. Желтоқсан оқиғасының сабақтарын саралап, қазақ жастарын қорғай келе: «Мен – қазақпын, өз халқымды мақтан етемін. Маған оның көп қатпарлы тарихы қымбат, ал оның бүгінгі күні одан да қымбат. 17-18 жастағы қыздарды шашынан сүйреп, сабаған жағдайды естіп-білгенде, осы күнге дейін өмір сүргеніме өкіндім», – деп әділ үкім-шешім айтты».

Өз ұлтының басына осындай қиын заман туғанда, оны қорғауға міндетті біздің жоғарғы лауазымда отырған бейшаралар басын бұғып, тіпті бір-бірімен жарыса қазақ жастарына күл шашып, жамандап оларды жазалау керек деп оттай бастағанда, тек Жұбан ғана жауға тура қарап тұрып жастарды қорғап сөз сөйледі – бұл батырлық емей немене, нағыз ерліктің өзі. Ия, Жұбан аға – нағыз батыр!

Естеріңізде болар сол кезде барлық жерде жастардың мынадай астарлы өлеңін еститінбіз:

Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап? Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап. Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт, Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.

Ұя қалса иесіз – айдын үшін сол қайғы,

Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.

Бұл жерде: «қасқалдақ» – Қонаев, ал «қаңғып келген шүрегей» – Колбин.

Ж У Б А Н М О Л Д А Г А Л И Е В – Н А С Т О Я Щ И Й Г Е Р О Й

В начале XX-го века в октябре 1917 года по проекту «Запада» в Российской империи в результате вооруженного переворота власть захватили неграмотные (темные) рабочие и крестьяне. Голодранцы отобрали имущество состоятельных людей и устроили против них политические гонения, а тех кто возражал расстреливали как «врага народа».

Но самое страшное зло эти быдла проводили политику уничтожения истории, национальных традиций, культуру, язык народов национальных республик, находящихся в составе СССР (в колонии) с целью их русификации.

Большевики (коммунисты) против казахского народа политику геноцида проводили

с особой жестокостью. Протестующих против геноцида преследовали как «врагов народа», отобрали у народа все имущество и скот и создали исскуственный голодмор, таким образом уничтожали казахов миллионами.

В период такого геноцида, когда казахи боялись даже произносить сво имя Жубан Молдагалиев громко на весь мир заявляет «Я – казах», опубликовав свою одноименную поэму.

Я – казах тысяча раз рожденный и воскресший

Распознавший с пеленок печаль и горе

Радость души ночь озаривший

А горе мое солнце затмивший

Но из пепла вставал я, поверженный в прах,

Наводя на врага, изумленного страх!

Поднимаясь чудовищем многоголовым,

Каждый раз повторяя одно: «Я – казах!»

16 декабря 1986 года обнаглевшая Советская власть (Москва) снимает главу Республики с поста и на его место с издевкой ставит руководителя областного масштаба никому неизвестного Колбина, тогда лопнуло последнее терпение казахского народа и так, как рабы бесправно существующего на своей Родине. Так вспыхнуло декабрьское востание, которое было подавлено с особой жестокостью. Участники были наказаны беспощадно их исключали с ВУЗ-ов, уволняли с работы и сажали в тюрьмы.

Империя зла захотела увидеть «раскаяние провинившихся» с этой целью новоиспеченный Первый секретарь ЦК компартии Казахстана назначил встречу с писателями республики. Конечно, по сценарию заранее подготавливают спикеров среди которых был и Жубан Молдагалиев. Ему звонят из ЦК и просят, чтобы он сказал: «просим извинения у русского народа за такие действия наших детей».

31 декабря 1986 года при встрече с Колбиным Жубан сказал: «Казахи вместе с другими народами с достоинством трудились за советскую власть, пережили страшный голодомор, который искосил половину казахского народа и таргедию истребления интеллигенции 37-38 годов. Во время войны казахи грудью встали на защиту СССР. Вот такой простой и очень добрый, гостепримний народ распахнул свои объятия во время освоения целины. Как всем известно на целину приехали разные люди среди которых были и преступники и те которые пришли за «длинным рублем». Нам известны множество фактов, когда этот взброд оскорбляли национальное достоинство казахов.

В настоящее время казахи на своей родной земле оказались в меньшинстве, благодоря политике «Центра» переселения людей в республику из вне и беспощадного исстребления коренного населения.

В связи с этим, надо Вам тщательно анализировать как решаются вопросы интернационального воспитания и межнационального отношения в республике».

Далее Жубан сказал: «Я – казах, горжусь своим народом, мне дороги его история еще дороже сегодняшний день моего народа. Когда я узнал, что 17-18 летних дочерей тащили за волосы и избивали я очень сожалел, что дожил до такого дня».

В такой период, когда нависла угроза для нации многие высокопоставленные лица испугавшись за свои шкуры как шакалы начали поливать грязью нашу молодежь и требовали наказания только Жубан Молдагалиев глядя прямо в лицо врагу встал на защиту нашей золотой молодежи, разве это не подвиг? Не героизм? Да, Жубан ага настоящий герой!

Наверное, все помнят тогда везде и часто молодежь пела такую замысловатую песню:

Летишь куда селезень бездушний

возвращайся назад

Осиретеет озеро без тебя

Ведь не защитить озеро

чирок бродяжный

Здесь бездушний селезень – Конаев, а бродяжный чирок – Колбин.

0
0
299

Еще по теме

Ж У Б А Н М О Л Д А Г А Л И Е В – Н А С Т О Я Щ И Й Г Е Р О Й - Yvision.kz