kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

ЖҮРГІЗУШІЛЕР МЕН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті ауа райының төмендеуіне байланысты жол қозғалысына қатысушыларға келеңсіз жол-көлік оқиғаларының алдын алатын қарапайым, бірақ аса маңызды ережелерді сақтауды ескертеді.

ҚЫС ТҮСКЕНДЕ:
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
✔ қысқы немесе тікенекті шиналарға ауыстыру; ⠀⠀⠀
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
✔автомобильдің жылыту және терезесін желдету жүйесін тексеру; ⠀⠀
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
✔ауа температурасы күрт төмендеген кезде салқындату жүйесіндегі сұйықтықтың жағдайын және пайдалануға жарамдылығын тексеру; ⠀⠀⠀⠀⠀
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
✔ жанар-жағармай жүйесінің істен шығуын болдырмау үшін дизельдік қозғалтқыш орнатылған көлік құралдарына қысқы дизельдік отынды пайдалану қажет.

Қысқы жолда автомобильдің тежегіш жолы айтарлықтай ұлғаятынын естен шығармаған жөн, сондықтан кенеттен қауіп туындаған жағдайда, жүргізуші көлікті толық тоқтату үшін жылдамдықты уақытында төмендетуі тиіс. ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Қауіпті манёврлерді және шұғыл тежеуді жасамаңыз – көктайғақ кезінде бұл автомобиль рөліне ие бола алмау қаупін тудырып, жол-көлік оқиғасын жасауға әкеп соғуы мүмкін.

Жаяу жүргіншілер де өте мұқият болуы керек. Жолды тек белгіленген жерлерден өту қажет. Сонымен қатар, көлік құралдары жүргізушілерінің оларды байқағанына және жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілер жолының алдында тоқтауға мүмкіндігі барына көз жеткізген өте маңызды.⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
АВТОКӨЛІК – АСА ҚАУІП КӨЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫНЫН ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗДАР, сондықтан жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі белгіленген ережелердің сақталуына байланысты болады.