ЖҰМЫСШЫ КЕНТІНДЕ ЖАҢА МЕКЕНЖАЙДА ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН БӨЛІМІ АШЫЛДЫ

Полицияны жаңғыртудың маңызды бөлшектерінің бірі – заманауи ғимараттарда фронт-офистердің жұмысын ұйымдастырумен жұмыс жасау болып табылады. Бүгін Петропавл қаласында Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің жаңа ғимараты ашылды, онда 116 қызметкер жұмыс істейді. Олар сапаржай, Жұмысшы кенті, Береке, Өндіріс аймағы ықшам аудандарындағы саны 70 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді.
Бұрын полиция бөлімі 1950 жылы салынған екі қабатты ғимаратта орналасқан болатын.
«Ресей темір жолдары» ААҚ Оңтүстік Орал теміржолының Петропавл бөлімшесінің басшылығының келісімімен Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімін орналастыруға үй-жай бөлінді. Заманауи талаптарға сай жөндеуден өткен ғимаратта заманауи фронт-офис, кезекші бөлім, кең акт залы, қызметкерлерге кабинеттер және асхана қарастырылған.
Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, Петропавл қ. әкімі Марат Тасмағанбетов, облыс прокуроры Берік Асылов, СҚО ПД, Петропавл қ. ПБ басшылығы, ардагерлер, ықшам аудандардың тұрғындары қатысты.
СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов құқық қорғау саласын жаңғырту бойынша жұмыстың бірнеше бағыттары бар екендігін айта кетті. «...Халықпен тығыз қарым-қатынас жасау, фронт-офистар арқылы жұмысты ұйымдастыру, кедергісіз әрі қолайлы жағдай жасау полиция қызметінің ашықтығы мен айқындылығын көрсетуге септігін тигізеді. Қалалық бөлініс – облыстағы ең ірі бөліністердің бірі, ол қызмет көрсету сапасын арттырудың үлгісі болуы тиіс. Босаған ғимаратқа есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасын орналастыруды жоспарлап отырмыз», - деп тоқтала кетті полиция ведомствосының басшысы. Шалғайдағы ықшам аудандандардың бірінде полиция бөліністерін көбейтуге қала тұрғындары оң көзқараспен қарауда.







СҚО ПД баспасөз қызметі
mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
