ЗЕЙНЕТКЕР ҰРЛЫҚТЫ АШҚАН ПЕТРОПАВЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләловтің атына Петропавл қ. 69 жастағы тұрғыны Галина Езерскаядан алғыс білдірілген хат келді. Алғыс сөздері бір күннің ішінде ұрлықты ашқан және ұрланған мүлікті қайтарған Петропавл қ. Полиция басқармасының 2-ші полиция бөлімі қызметкерлеріне арналған.
Жасалған ұрлықтың өзі – криминалдық ақпарда назар аударатындарға жатпайды. Жеке меншік үйде тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлердің монша пешін жөндеуге арналған шойын табақшасы жоғалған. Қарапайым қала тұрғыны осындай ұрлыққа мән бермес еді. Шаруашылығына мығым үй иелері үшін бұл темір құнды зат болып табылады. «Менің ата-анамнан келе жатқан темір, - дейді Галина Григорьевна. – Тот басты, – жұбайым бүлінген жерін кесіп алып тастап, моншаның пешіне жаратпақшы болды». Алайда, белгісіз қылмыскер егде адамдардың бақшасына «бас сұғып» шойын темірді алып, жеке пайдасына жаратпақшы болған...
Ерлі-зайыптылар полицейлер осындай ұрлықты ашатындығына сенімсіз болған. Алайда сол күні кешке жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Ризабек Жаныспаев пен полиция лейтенанты Раппым Абылов ұрланған мүлікті иелері қайтарып, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталғанын хабарлады. 2 мың теңгеге тапсырылған шойынды металл қабылдау орындарының бірінен алды.
«Біз, жұбайымыз екеуміз зейнеткер болғандықтан, біз үшін бұл зат құнды әрі маңызды болып табылады, - деп жазады Галина Езерская. – Біз өте қуанышты болдық. Ұрлықты ашуға қатысқандарға алғысымыз шексіз».
Полицейлердің өзі мұндай алғысты күтпеген болатын, өйткені ұрлық ұсақ ұрлық санатына жатады. Зейнеткерлердің білдірген алғысы қиын жұмысымызға берілген үздік баға және одан әрі қызмет ету үшін жақсы стимул деп білеміз.
«Одноклассники» әлеуметтік желісінде сол 2-ші ПБ қызметкерлеріне айтылған ыстық ықыластарды білудің өзі жанға жылылық сыйлады. Қала аудандарының бірінде қоқыс тастау бойынша қызу пікірталас барысында түсініктер айтылған: «Өткен жылы біздің үйіміздің қасындағы дүкен үйдің маңын қоқыс тастайтын орынға айналдырды. ІІБ 2-ші ПБ учаскелік инспекторына жүгіндім, ол тәртіп орнатуға көмек көрсетті. Заңды қолдайтындарға алғыс білдіремін!» Электронды қарым-қатынас жасау заманында осындай адамдар жайлы ұмытпай, жақсы лебіздер білдіріп, атқарған жұмысына зор алғыс айтқың келеді.
СҚО ПД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
