Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ҮЗДІК ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ!

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

Ағымдағы жылдың 10-20 мамыр аралығында «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауының І кезеңіне қатысуға өтініштер қабылданады.

Республикалық байқауға қатысу үшін үміткерлерлерге келесі құжаттарды ұсынуды сұраймыз:

1) Республикалық байқауға қатысуға өтінім;

2) қызметі жөніндегі есеп;

3) қызметтік тізім;

4) Менің мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептік құндылықтарын дамытуға қосқан үлесім» тақырыбы бойынша уәждемелік эссе.

«Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауын өткізу тәртібі және шарттары, өтініш нысаны, қызметі жөніндегі есеп және уәждемелік эссеге талаптар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылған «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда айқындалған.

Құжаттарды қабылдау келесі мекенжай бойынша жүргізіледі: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 75, 1 қабат (немесе [email protected] эл.поштасы арқылы)

Байланыс телефондары: 8 (7282) 24-00-99, 8 701 777 42 16

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті

0
0
355

Еще по теме

«ҮЗДІК ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ - Yvision.kz