ЗАМАНҒА ҚАРАЙ ДІЛ ДЕ ӨЗГЕРЕД
Тәуелсіздік алған өткен ғасырдың 90-шы жылдары Қазақ БАҚ бетерінде, теледидарда «біздің дініміз діліміз», «біздің тіліміз діліміз» деп жұптасқан тіркестер жиі ұшрасатын болды. Ішімнен - бұл не нәрсе - деп ойлап жүретінмін. Бірде облыстық «Дидар» газетінің бас редактор орынбасарынан «осы газетіңізде жиі ұшырасатын діл деген не нәрсе» - деп сұрағаным бар, бірақ мардымды жауап ала алмадым. Өз бетіммен іздестіре жүріп, бұл тегі менталитет болу керек деп жорыдым. Қазақшалағанда, менталитет – ол ойлау тәсілінің, ойшылдықтың, сезімталдықтың, мәдениет ерекшеліктерінің тұтас бірлігі, жамандақ пен жақсылық туралы ұлтка тән түсінігі. Иә бәрі мәдениетке жатады, соның ішінде, әрине, сәлемдесу де жалпы адамзатқа тән болғанмен оның ұлттық ерекшеліктері де бар.
Мысалы, қол беріп амандасудың европалық және одан өзгешелеу қазақша сәлемдесу бар екен. Европалық дәстүр Совет Өкметі жылдары Қызыл Әскердің жауынгерлік Уставында тұжырымдалған. (Айта кетейін, онда тіпті аяққа шұлғауды қалай орау керек екендігіне дейін: шені төмен әскери адам өзінен жоғары шенді офицерге бірінші болып сәлем береді, бірақ қол алысуға қолын бірінші боп ұсынбайды. Ал шені жоғары әскери адам жауап сәлем береді, бірақ қол алысу үшін қолын ұсынуы да, ұсынбауы да мүмкін. ХХ-шы ғасырда европалық білім, мәдениет меңгере бастаған қазақтар ресми жағдайларда европалық сәлемдесуді ұстанатын да, ауылды жерде жастар жапа-тармағай үлкендерге бірінші боп қол ұсына ұмтылатын, мұның еш оғаштығы білінбейтін.
«Жас Алаш» интернет-газетте оқығаным бар еді: Советтік Қазақстанның сол кездегі Бірінші Басшысы Д. Қонаевқа барғалы отырған өзінің бір «ағасына» педагогика ғ.д. Б. Сманов былай деп айтқан естелігін жазыпты: «Аға, ыңғайсыз болмаса, мені де ерте барсаңыз қайтеді, сәлем беріп, қолын алайын ол кісінің». Өз бетімен Қонаевқа кіретіндей өз-ара араластығы жоқ, оны өте силайды екен, бірақ барып есігін ашуға батылы жетпейтін адам екені білініп тұр. Бір «ағайға» ілесіп кіріп, силайтын адамының қолын алғысы келеді... Яғни қазақ менталитеті бойынша «кіші» бірінші боп «үлкенге» сәлемдесуге қол ұсынуы керек. Ал, бірақ, қазіргі қазақ әскерінің Уставында қалай екен? Білмеймін. Мысалы, сержант полковникке , бірінші боп ұмтылып, оның қолын қыса ма?
2013 – 2015 жылдары жасым 80 нен асқан мен және жанымда екі орыс әріптестерім бар, шағын топ, облыстық ардагерлер ұйымының жолдамасымен Ұлан, Жарма, Тарбағатай, Зайсан, Абай аудандарына барып мектеп, гимназия оқушыларымен әңгіме, лекция өткіздік. Бізді жылы жүзбен, құрметпен қарсы алып отырды. Бірақ, маған оғаштау көрінген, әсіресе алыс аудандарда кездескен «діл» таңдандырды. Мен, әрине, оларға бұл туралы ештеңе дегенім жоқ. Мектептің үлкен залында бірінші қатарда біз отырамыз, біртіндеп жастар жиналып жатады. Ер балалар бізге келіп «Ассалаумағаляйкум!» деп қолын беріп амандасып жатады. Бұрынғы советтік заманда мұндай «дін мен діл» байқалмайтын.
Ғаббас Құмаров
