Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

З КҮН ІШІНДЕ ПЕТРОПАВЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 61 ОТБАСЫЛЫҚ ТӨБЕЛЕСҚОРДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТТЫ

Акцияның мақсаты - әйелдердің құқығын сақтау, ана мен баланы қорғау.

Рейд барысында арақтың кесірінен болған жанжалға байланысты шақыру тіркелген, сондай-ақ тұрмысы қолайсыз ретінде есепте тұрған отбасылар тексерілді. Полицейлер 3 күн ішінде облыс орталығының осындай 145 отбасына барды.

«Ішеді, айқайлайды, ұрады - мені, анамды ... Бет-аузым көгергендіктен, шыға алмаймын деп, жұмысқа хабарласамын...» - дейді Жұмысшы кентінің тұрғыны шағымданып. Кімді тыңдасаң да, барлығының айтары сол. «Мен кімге керекпін? Менің жасымда ерімді ауыстыруға тым кеш», - дегенді жиі естиді, тыныштандыруға барған полицейлер. Алайда, зардап шеккендердің шыдап – бағуының соңы неге әкелетінін тәртіп сақшылары жақсы біледі.

«Көптеген әйелдер, полицияға хабарлассақ, бұзақы күйеуімізден айырылып қаламыз деп қауіптенеді, - дейді Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин. – Алайда, тәжірибе көрсеткендей, білікті көмек отбасын аман алып қалса, жазасыздық соңы қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін».

Сондықтан аула-аулаларды аралаудың негізгі мақсаты - ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Полицейлер қыз-келіншектерге заңды және психологиялық көмек алу үшін 50-41-87 телефоны арқылы Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобына немесе 52-98-86 телефоны арқылы Әйелдерді қолдау орталығына жүгінуге болатынын айтты.

Акция басынан келіп түскен өтініштердің және тексерістердің нәтижелері бойынша 57 қорғау ұйғарымы шығарылды. Төрт төбелесқордың мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіленді.

Сондай-ақ, Әлібек Ғабдулин, акция шеңберінде өткізілетін рейдтік іс-шаралармен қатар полицейлердің жазғы демалыс лагерлерінде балалармен түсіндіру жұмыстарын өткізетінін де атап кетті. Балалар да көп жағдайда зорлық-зомбылықтың құрбандарына айналады, күш көрсетілмесе де, психологиялық қысымнан зардап шегеді. Тұрмысы қолайсыз отбасындағы жағдай балаларға зардабын тигізбей қоймайды. 3 күн ішінде тәртіп сақшылары балалармен 11 кездесу өткізді.

0
0
203

Еще по теме