Қызылордада 350 отбасы баспаналы болды
Қызылордада 350 отбасы баспаналы болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жаңа «Сәулет» мөлтек ауданында «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы арқылы салынған 350 пәтерді құрайтын 7 көпқабатты тұрғын үйі ел игілігіне берілді.

Биылдың өзінде 80 көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жүргізіліп, үш жылда Қызылордада жаңадан 11 шағын аудан бой көтерді.
Айта кетейік, облыс бойынша құрылыс көлемі 3,5 есеге, Қызылорда қаласында аталған көрсеткіш 8 есеге артты. Сонымен қатар соңғы үш жылдың көлемінде Қызылорда қаласы бойынша жалпы ауданы 265 мың шаршы метрді құрайтын, 3 мың 502 пәтерлік 82 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілді.
Сонымен қатар, Қызылорда облысында 80 орындық балабақша ашылды. Қызылорда облысында 80 орындық «Мерейлім» балабақшасы ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Ақмешіт» мөлтек ауданындағы 80 орныдық балабақшада 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер тәрбиеленетін болады.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде салынған нысанның жобалық-сметалық құны 200 млн. теңгені құрайды.
Қызылорда қаласы бойынша «Балапан» бағдарламасы аясында 3 пен 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылған.
Сондай-ақ, Қызылордада Тәуелсіздік даңғылы ашылды. Қызылордада Сырдария өзенінің бойын жағалай орналасқан әсем жағалауға, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық құрметіне орай Тәуелсіздік атауы берілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. «Ұзындығы 7 шақырымды құрайтын айналма жол құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 1 млрд. 932 млн. теңге бөлінді. Бұл жолдың бойында барлық стандарттарға сәйкес жарық бағаналары, аялдамалар және 7 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы мен арнайы веложолақ қарастырылған. Осындай сапалы да сәулетті көшенін құрылысын жүргізіп, халық игілі үшін аянбай қызмет етіп жүрген «УАД» жаупкершілгі шектеулі серіктестігінің барша құрылысшыларына қала халқының атынан алғысымзды білдіреміз. Салтанатты түрде ашылғалы тұрған жаңа көше, ынтымақты халқымыздың мерейін асқақтататын көрікті орындардың бірі бола берсін»,- деп облыс әкімі Қ.Көшербаев жаңа даңғылдың маңыздылығын көрсете отырып, қала тұрғындарын мерекелерімен құттықтады.
Қызылордада ұзындығы 612 шақырым болатын 760-тан астам көше бар. Қала тіршілігі маңызды көлік инфрақұрылымын дамытуға бүгінде жіті назар аударылуда. Мәселен, соңғы 3 жылда қаламыздың жол құрылысын дамытуға 15 млрд. теңгеден астам қаржы тартылды. Бұл қаржыға 300 шақырымды құрайтын жолдар орташа, күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өтті.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 51 көшенің орташа жол жөндеу жұмыстарына 980 млн. теңге қаржы тартылуда. Мұнымен қоса ауылдық округтердегі 14 көшенің орташа жол жөндеу мен 2 көшені жарықтандыру жұмыстарына 80 млн. 126 мың теңге бөлінді.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
