В Е Л И К И Й Қ Ы П Ш А Қ
Ұ Л Ы Қ Ы П Ш А Қ
(Исламның қорғаушысы, жеңімпаз патша және құдіретті барс – Байбарыс Сұлтан)
Байбарыс Сұлтан (1223-1277) зерттеуші ғалымдардың деректеріне сай түркі мәмлүктерінің Мысырды (Египет) билеген төртінші сұлтаны – тегі қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің ұрпағы. Оның толық есімі Рукн-ад-дин Әл-Мәлік Әз-Заһир Байбарыс – бұл исламның қорғаушысы, жеңімпаз патша және құдіретті барс деген мағынаны білдіреді. Арабтар «мәмлүк» деп тегі кавказ, түркілерден шыққан құлдарды атаған. Ал осы мәмлүктердің бір тобы қазіргі қазақ сахарасы мен Еділ, Жайық, Қара теңіз бойында монғол шапқыншыларымен болған қырғын соғыс кезінде тұтқынға алынған қыпшақтар еді. Тарих деректеріне қарасақ, Байбарыс 1223 жылы Шыңғысхан шапқыншылығы болған Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келген. Жетім қалған жас бала өзге де тұтқындармен бірге Мысырдың сұлтаны Салық Нәжмәдинге сатылған.
И. Фильштинский зерттеулеріне қарағанда, моңғолдар өзгелермен бірге қыпшақтарды да шетелдік көпестерге, әсіресе италиялық саудагерлерге сатып отырған. Ал олар мұндай өтімді «тауарды» Жерорта теңізінің арғы жағалауындағы Мысыр еліне апарып, артық бағамен қайта сататын болған. Тұтқындар ішінен қыпшақтардың батырлығына, ер жүректілігіне, төзімділігіне, шыдамдылығына қызыққан Мысыр сұлтандары оларды әскери қызметке тартқан, сарай жасақтары еткен. Біртіндеп жоғары әскери қолбасшы мәртебесіне қолы жеткен қыпщақтар жұрты қолдамаған сұлтандарды тақтан оп-оңай-ақ тайдырып отырған.
Мысырлық қыпшақтардың салтанат құруы, әсіресе, XIII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Мысалы, 1250 – 57 жылдары Египетті түркінің бахралықтар деп аталған Айбек бастаған қауымы билеген. Олардың бұлай аталуына себеп қыпшақтардың әскери тұрақтарының Ніл өзені ортасындағы аралда болғандығынан еді. Сондықтан да олар «бахралықтар», яғни «аралдықтар» деп аталып кеткен.
Мемлекет билігі қолдарына тигеннең кейін қыпшақтар Мысырды ұзақ уақыт билеген. Олардың басын біріктіріп, жеңістерге жетелеген, күні бүгінге дейін аты халық аузында аңыз боп қалған қыпшақ текті Сұлтан Әз-Захир Рукн-ад-дин Байбарыс болған.
Египеттің сұлтаны Айюби әулеті Айбекті мәмлүктер өлтіргеннен кейін таққа жаңа отырған Мұзаффар Сайфуддин Құтұз Байбарысты әскеріне басшы етіп, Шам (Сирия) жеріне ішкерлей кірген моңғолдарға қарсы соғысқа аттандырады. Айн Жалұт түбіндегі шайқаста мәмлүк қолы моңғолдардың тас-талқанын шығарады (тарихи деректерге сәйкес мәмлүктер қолбасшысы Байбарыс пен монғолдардың ханы Құлағу әскерлерінің 60-80% қыпшақтар болған). Осы соғыста Байбарыс ер жүректілігімен айрықша көзге түседі. Бірақ Құтұз басқаларға сый-сияпат жасап оның ерлігін елеусіз қалдырады. Байбарыстың бойында Құтыз өлтірген марқұм ұстазы әмір Ақтайдың кегін қайтару бұрыннан бар еді. Бір жағынан сұлтан Құттыз моңғолдарды жеңсең, Халеб аймағына әмірші етемін деген уәдесінен тайқып кетеді. Мұны қорлау деп түсінген Байбарыс пен оның жақтастары сұлтанды өлтіріп, билік тізгінін қолдарына алады. Жақтастары Байбарысты Египеттің сұлтаны деп жариялайды.
Болашақты тереңнен болжайтын дана саясаткер, көреген қолбасшы Байбарыс Сұлтан ислам жауларына қарсы қуатты әскер, теңіз флотын құрып оны қару-жарақпен жабдықтайды. Ол осылайша крест жорықшылары мен моңғол шапқыншыларына қарсы шайқастарда талай жеңістерге жетті. Крестшілермен ұрыстарда Арсуф, Қайсария, Сафад, Яфа және басқа да қамал-қалаларын бірінен соң бірін алып, ақырында ірі шаһар Антакияны мұсылмандарға қайтарды. Осы жеңісі арқылы сұлтан Бейбарыс мұсылман мемлекетінің сыртқы қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етті деуге болады.
Бейбарыс соғыс өнерін өте жетік меңгерген қолбасшы. Ол көптеген әскери жорықтарда жеңіске жетіп, шынайы шеберлігін дәлелдеп шықты. Солардың ең үлкені 1260 жылы моңғол басқыншыларымен болған Айн Жалұт шайқасы. Әсіресе, Әл-Мансурадағы крестшілермен шайқаста Байбарыс бастаған мәмлүктер жасағы дұшпанды тас-талқан етіп жеңіп, Франция патшасы ІХ Луисті тұтқынға алады.
Сұлтан Байбарыс тұсында Мысыр (Египет) аса қарқынмен гүлденіп дамыған. Егін шаруашылығы өркендеп, суландыру жүйелері жөнделіп, қалпына келтірілген.
Бейбарыс медреселер салуға көп күш жұмсайды, каналдар мен бөгеттерді жөндетеді. Каир қаласында ол салдырған мешіттердің бірі қазір де «Бейбарыс мешіті» деп аталады. Мұсылмандар үшін ең қасиетті саналатын Иерусалимдегі әл-Ақса, Қуббат Сахра мешіттері жөнделіп, жаңартылады. Түрлі мәселелер мен дау-дамайларды шешетін әділет үйін құрады, міне осы әрекетінен кейін оны тек қана дін қорғаушы емес, сондай-ақ қарапайым халықтың құқығын қорғаушы ретінде де көруге болады.
Байбарыс билік құрған кезеңде Мысырдың: Әл-Искандария (Александрия), Дамиетта, Әл-Қаһира (Каир) секілді қалалары ірі-ірі сауда орталығына айнала бастады. Мұнда Венеция, Генуя, Сицилия, Индия, Орта Азияның сауда керуендері мен кемелері соқпай кетпейтін.
Байбарыс ойлы да кемеңгер мемлекет қайраткері, батыр да жігерлі қолбасшы болған. Әуелі ол елдің әл-ауқатын көтерді. Мұсылман текті халықтардың ежелгі жауы – крест тағушыларды талқандап, монғол шапқыншыларын Мысырға қарай қия бастырмаған.
Көп ұзамай-ақ Байбарыстың есімі аңызға айналған, ол қарапайым киініп, түнгі Каирді аралайтын болған. Халық өмірімен жақын етене танысып, қылмыстыларды жазалап, күнәсіздерге қорған болып, қарапайым тұрғындарға көмектескен. Міне, оның осы қырына байланысты мұхаддистер ол туралы қиссалармен руайаттар айтатын болған.
Египеттің осы заманғы тамаша ғалымы, классик жазушысы Таха Хуссейн (1889 – 1975) де өзінің «Аййам» («Күндер») деп аталатын өмірбаяндық жазбаларында бала кезінде өзінің ең көп естігені Байбарыс батыр жайлы руайаттар еді деп еске алады. Сондай-ақ Египетте біраз жылын өткізген ағылшын шығыстанушысы Э. Лэйн: «Каир каласында отызға жуық қиссашылар бар деседі. Олардың бәрі де тек «Әз-Захирдің» ғұмырнамасы атты шығарманы жатқа айтады» деген. Байбарыс заманында өмір сүрген тарихшы Вильгельм Тайпольский де оған: «Байбарыс – жауынгерлігі жағынан Гай Юлий Цезармен терезесі тең тұратын қаһарман» деген баға берген.
Байбарыстың тұсында Мысыр мен Алтын Орда арасында тұрақты дипломатиялық қатынас орнап, екі ел арасындағы одақтастық қашан Алтын Орда ыдырағанға дейін сақталады. Өйткені бұл байланыстың осыншалық ұзақ уақытқа ұласып, берік сақталуының негізінде Египет елін билеген Байбарыс сұлтанның бір кезде тағдырдың қатал кесімімен қол үзіп қалған туған жеріне, ата бабасының еліне жақындауды мақсат тұтқан арман тілегі жатқан еді. Кезінде жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген мәмлүк қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткенде ғана барып, Бейбарыс есімі арқылы ата мекеніне оралды. Иә, Байбарыс жайлы осындай классикалық дүние өткен заман оқиғаларының сәулесін елестетіп қана қоймай, тарихи оқиғаларды суреттеу негізінде туған шынайы да көркем шығарма ретінде ғасырдан ғасырға жетіп, елеулі мұра ретінде ел аузынан түспей келеді.
Қыпшақтан шыққан мәмлүк сұлтаны Рукн-ад-дин Әл-Мәлік Әз-Заһир Байбарыс үлкен жетістіктері үшін тарихта аты қалған әміршілердің бірі әрі бірегейі. Ол Мысырдың, қала берді, күллі Ислам жұртының дамуына өзіндік үлес қосқан Сұлтаны, барша мұсылманға ортақ тұлғалардың бірі. Оның дәуірінде Мысырда үлкен құрылыстар салынып, ел экономикасы дамыды, соның арқасында елінің даңқы артып, сұлтанның аты да тарихта мәңгі қалды.
Қазірде Мысырдағы Байбарыс сұлтан дәуірінде салынған ескерткіштер сол замандағы елдің қаншалықты дамығанын, сұлтанның оған қаншалықты үлес қосқандығын айғақтайды.
В Е Л И К И Й Қ Ы П Ш А Қ
(Защитник Ислама, победоносный правитель и могущественный барс – Султан Бейбарс)
Султан Бейбарс (1223-1277) в соответствии с исследованиями ученных четвертый султан из тюркских мамлюков – правитель Египта родом из Дешт-и-Кипчак из знатного рода Берш племени кипчак. Его полное имя Рукн-ад-дин Аль-Малик аз-Захир Байбарс, которая означает защитник веры, победоносный правитель и могущественный барс. Арабы «мамлюками» называли выходцев из кавказа и кипчаков из казахской степи взятые в плен монголами и в последствии проданные в рабство. Согласно исторических фактов осиротевший кипчакски мальчик вместе с другими пленными был продан султану Египта Салык Нажмиддину.
По сведениям И. Фильштинского султанов из Египта особенно интересовали воинственные, смелые, стойкие кипчаки, которых привлекали к воинской службе и службе по охране дворца. Многие степняки достигли высоких военных чинов и представляли опасность неугодным народу правителям, владея возможностью их свержения.
Во второй половине XIII века в 1260 году мамлюки свергнув султана Кутуза возвели на трон Бейбарса.
Султан Бейбарс создал хорошо воруженную, сильную армию и военно-морской флот, благодоря которой ему удалось остановить и разбить крестоносцев и монголов, тем самым защитить исламский мир и установить безопасность исламских государств.
Бейбарс Великий полководец, совершенно владеющий военным искусством из множества его сражений примером может служить Айн Жалутская битва с монголами или сражение с крестоносцами в Аль-Мансуре во второй половине XIII века, в которых он наголову разгромил противников, а также он взял в плен короля Франции Луиса ІХ-го.
В период правления Султана Бейбарса большими темпами развивалась и процветала экономика Египта, улучшалось благосостояние народа. Строились и укреплялись ирригационные сооружения, бурно развивалось земледелие. Также он обращает пристальное внимание на образование и способствует строительству учебных заведений «медресе», мечетей и дома юстиции из которого следует, что для него особое значение имели, также и вопросы защиты прав и свобод простого народа. Кроме того, ремонтируются и улучшаются мечети среди которых самое святое для мусульман «Аль-Акса» в Иерусалиме. Города Александрия, Дамиетта, Каир и другие становились крупными торговыми центрами для караванов и торговых судов Венеции, Генуи, Индии, Средней Азии и других.
В годы правления Султана Бейбарса установились дружеские дипломатические отношения Египта с Атын Ордой. Обе государства были союзниками до распада государства «Золотая Орда». В этом кроится его сыновья любовь и тоска по исторической Родине Великого Правителя страны, где зародилась одна из первых цивилизаций человечества.
Будучи невольным рабом, ставший Великим Правителем благодаря сильного духа, несгибаемой воли Султан Бейбарс возвратился на свою историческую Родину через более семи веков (700 лет) и возвышается над Ак-жайыком в городе Атырау каменное изваяние Великого кипчака – Сұлтана Байбарыс.
