Перейти к содержимому

Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан өтуі

Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеу түрінде жүргізіледі.

Жеке қасиеттерді бағалау жүйеде көзделген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Үміткердің жеке қасиеттерін бағалаудан өту күнін (кестесін) жүйемен автоматты түрде айқындалады, тиісті хабарлама үміткердің жеке кабинетіне жіберіледі.

Жеке қасиеттерді бағалаудан өту уақытын үміткер жүйе қалыптастыратын кестеге сәйкес дербес таңдайды.

Жеке қасиеттерін бағалаудан өту басталардан бір сағат бұрын қатысушының жеке кабинетіне, электрондық поштасына және ұялы телефон нөміріне жүйемен тиісті ескерту-хабарлама жіберіледі.

Жеке қасиеттерін бағалаудан өту үшін үміткер жеке кабинетке ескерту-хабарламада көрсетілген уақыттан кешікпей кіреді.

Жеке қасиеттерін бағалаудан өту басталғанға дейін үміткер жүйеде жеке қасиеттерін бағалаудан өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.

Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау:

·  стресске орнықтылық (10 тапсырма),

·  бастамашылдық (10 тапсырма),

·  жауапкершілік (10 тапсырма),

·  қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма),

·  адалдық (10 тапсырма),

·  өздігінен даму (10 тапсырма),

·  жеделділік (10 тапсырма),

·  ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма),

·  қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма),

·  көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма),

·  өзгерістерді басқару (10 тапсырма) тапсырмалардан тұрады.

· 
Жеке қасиеттерді бағалау сонымен қатар сенімділік
деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні жүйемен автоматты түрде анықталатын растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды.

Жеке қасиеттерді бағалаудың жалпы уақыты 100 минуттықұрайды.

Жеке қасиеттерін бағалаудан өту рәсімі аяқталғанға дейін үміткер сұрақтарға жауап беруге, жауаптарды, оның ішінде алдыңғы жауаптарды түзетуге мүмкіндігі бар.

Үміткер «Аяқтау» батырмасын таңдап, жеке қасиеттерін бағалаудан өтуге бөлінген уақыт өткенге дейін жеке қасиеттерін бағалауды өз бетінше аяқтайды.

Жеке қасиеттерді бағалауға бөлінген уақыт өткеннен кейін рәсім автоматты түрде аяқталады.

Жеке қасиеттерді бағалауды аяқтаған үміткерлерге нәтижесі жүйе арқылы көрсетіледі.

Шекті мәнді еңсерген үміткерлердің нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейінгі өтінімнің мәртебесі «Тексеруде» болады.

Проктор тексеруді жеке қасиеттерін бағалау аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Жеке қасиеттерін бағалаудан өткен үміткер талаптарды бұзбаған жағдайда оның өтінімінің мәртебесі «Тексеруде» дегеннен «Өтті» дегенге ауыстырылады және үміткер конкурстың келесі кезеңіне жіберіледі.

Егер үміткерлердің ешқайсысы жеке қасиеттерін бағалау кезеңінің шекті мәнін еңсермеген жағдайда, конкурс мәртебесі жүйемен «Аяқталған» болып өзгереді және конкурс кезеңдеріне қатысу және конкурсты аяқтау үшін үміткерлердің жоқтығы туралы хабарлама мемлекеттік органның кадр қызметіне жіберіледі.

Тестілеуге дайындалып, сынақ тестінен өту үшін https://www.proqyzmet.online/ сайтына кіріңіз.

0
0
3669

Еще по теме