Ұлттық киім - ұлттың жүрегі
Қазақтың ұлттық киімі — ғасырлар бойы қалыптасқан өнер туындысы. Ол тұрмыстық қажеттілік қана емес, адамның жасын, жынысын, әлеуметтік мәртебесін және қай өңірден екенін айқындайтын маңызды мәдени код болды.Ұлттық киімді қастерлеу — өз тамырына деген құрмет. Себебі ұлттық киімді киген адам өз халқының рухын сезініп, өткен мен бүгінді жалғайтын көзге көрінбейтін байланысты сақтайды. Өз киіміміздің мәнін, ою-өрнектердің тарихын білсек, халқымыздың рухани байлығы мәңгі жасай бермек.



