Ұлт өнерінің жанашыры - Ахмет Жұбанов
Қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани қазынасының маңызды бөлігі – музыка өнері. Сол өнердің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың бірі – Ахмет Жұбанов. қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымының докторы, профессор, академик. Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толып отыр.

