Перейти к содержимому
Обложка сообщества Путешествия

Тәж Торғай

Енді, кешен туралы баяндасам. "Тәж Торғай" кешенін салып, қаржыландырып отырған белгілі кәсіпкер, меценат, саяхатшы Сапар Ысқақов ағамыз. Білуімше қазірдің өзінде 3,5 млрд. теңге қаражат жұмсалған. Ал, Торғай даласындағы бұл керемет несімен қызық?

Сапар аға бізді күтіп алып, "Альгамбра" мейрамханасында түскі ас берген соң өзі бастап жүріп кешенді таныстырды.

Кешен аумағы үлкен, оның құрамына "Тәж Торғай" атты портал, "Тілеп Тәжі кесенесі" (Үндістандағы атақты "Тәж-Махал" сарайының екі есе кішірейтілген көшірмесі), Франциядағы Эйфель мұнарасының аналогы (кішірейтілген нұсқасы), Мексикадағы Майя тайпаларының Чичен-Итца ғибадатханасы негізіндегі Мемориал, Мысырдағы Хеопс пирамидасының үлгісі, Бразилиядағы кафедралық соборға ұқсас "Торғай геоглифтері" кеңсесі,, "Дешті-Қыпшақ" мұражайы (С.Ысқақовтың жеке жобасы), Испаниядағы атақты Альгамбра сарайына ұқсас "Альгамбра" мейрамханасы, Бразилиядағы Альворадо сарайыныың үлгісіндегі "Бразилия" қонақ үйі, этноауыл, "Темаскаль" сақ саунасы сияқты құрылыс нысандары кіреді. Одан өзге, Ұлттың жады қабырғасы, Тайқазан, Бесік сияқты тағы да аты аталған, аталмаған ескерткіштер бар. Кешеннің негізгі бөлігі пайдалануға берілген, жұмыс істеп тұр. Ал, "Тілеп Тәжі" кесенесі сияқты құрылыстар жоспар бойынша 2026 жылы аяқталуы тиіс.

Кешеннің артықшылығы қазақ даласынан шықпай-ақ Әлемнің талай кереметтерін көруге болады, және осында тоқтап, қонақ үйден орын алып, мейрамханаға тапсырыс беріп, одан әрі киелі Торғай жеріне саяхатыңызды жалғастыруға мүмкіндік бар. Айтқандай, дәл осы жерде Байбарыс сұлтанға арналған ескерткіш тұр, бұл қазақ даласында оған қойылған екінші ескерткіш. Бір қызығы, Байбарыс сұлтанның түрі оның рөлінде ойнаған Нұрмұхан Жантөрин бейнесінде берілген. Ескерткіш әдемі шыққан.

Ал, енді, суреттерге кезек берейік. Фото авторы - Арман Байсадықов.

#Тылсым Торғайға тур

#СапарLike

0
0
1476

Еще по теме