Тәж Махал және оның кіші көшірмесі туралы

Тәж Махал кешені Орталық Азиядан шыққан Бабыр әулетінің ең үздік сәулет ескерткіштерінің бірі және оны тұрғызған падишахтың тағдыры да оңай емес. Тәж Махалды салуға жалпы 20 жылдан астам уақыт кетіп, 22 мың адам оның құрылысында жұмыс істеді, қазіргі күнмен есептегенде 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаражат кетті деседі.
Ал, әңгіме болатын кіші көшірмесі Моғолдар билігінің құлдырауы 1658-1707 жылдар аралығында патшалық құрған Шах Жаһанның ұлы Аурангзеб қайтыс болғаннан кейін басталды. Оның ұлы Азам шах анасына Бибі Ка Макбара деп аталатын кесене салдырды, оны кейде «кедейлердің Тәж Махалы» деп те атайды. Кесене мен оның айналасындағы «жұмақ бағы» Тәж Махалдың көшірмесі.
Айтқандай, осы жерде екі нәрсеге мән бергім келеді.
Біріншісі, моғолдардың "ішкері" деп аталатын түсінігі, яғни, көзден тыс болу, екіншісі тілімізде қолданыстағы шарбақ (шартақ сияқты және) түсінігі, яғни, бұл да "жұмақ бағымен" байланысты.
1-суретте Аградағы Тәж Махал, 2-суретте Кедейлер Тәж Махалы.
Айтқандай, Үндістанға жол түсіп, пақырларыңызды да Тәж Махалға тамсанған еді.
Мәтін авторы - Amandyq Amirkhamzin, суреттер Интернеттен алынды.
